Түркістанда 78 мектеп салынып жатыр

Б.СӘРСЕНБИ

19.08.2021, 10:22

1098

Биыл Түркістан облысында 78 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл өз кезегінде өңірдегі апатты және үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Жалпы, облыста бүгінде алты апатты және төрт үш ауысымды мектеп бар. Мамандардың айтуынша, биыл екі апатты және бір үш ауысымды мектептің, ал қалғандарының мәселесін 2023 жылы шешу жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай өңірде 130 мектеп салу жоспарланған. Биыл  47 мектептің құрылысы жоспарланса, оның ішінде 44 мектеп бюджет, үшеуі  жеке инвестиция есебінен салынуда. 1 қыркүйекте 44 мектептің 17-сі пайдалануға беріліп, қалғаны жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

Облыста қазір 927 орта білім беру ұйымы бар, онда биыл 516 740 оқушы білім алады. Ата-аналардың өтінішімен 47 266 бала 1-сыныпқа қабылданды. Облыста жаңа оқу жылындағы оқу процесі дәстүрлі форматта өткізіледі. Қазіргі таңда осыған байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.

  • Барлық оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуы ерекше назарға алынып, қажетті дезинфекциялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар облыстағы барлық білім беру мекемелері  «Ashyg» жүйесіне қосылды. Бүгінгі таңда білім беретін  ұстаздардың 85 пайыздан астамы, техникалық қызметкерлердің 96 пайызы індетке қарсы екпе қабылдады. Оқу жылы басталғанға дейін көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Айта кетері, отандық IT-компания әзірлеген  «Ashyg» қосымшасына  бүгінде Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына бағынысты білім беру ұйымдарының барлығы қосылды. Шектеу шараларына қарамастан, жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жобаны ұстаздар қауымы белсенді түрде қолдануда.

Әкім орынбасары жаңа оқу жылында оқушыларға бірыңғай мектеп формасын кию талап етілмейтінін,  бірақ мектеп формасы классикалық үлгіге сай болуы керегін атап өтті.

Жаңа оқу жылына оқулық сатып алуға қазынадан 4,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бүгінде баспаханалармен оқулықтарды сатып алу және тасымал бойынша келісімшарт жасалған. Оқу құралдарын мектептерге жеткізу жұмыстары 25 тамызда толығымен аяқталады.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаевтың айтуынша, өңірде алты жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 97 пайызға жетіп отыр.

– Биыл бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін қосымша 4000 орындық балабақшалар ашылады деп жоспарланған, – дейді басқарма басшысы.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыста 900 мемлекеттік мектеп толығымен бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16:55
Нұралықтар-қауырт қимыл үстінде
Таңшолпан ҒАЗИЗҚЫЗЫ 17.09.2021, 11:38
Қоқыс та қордалы мәселе
Мариям МАҚСАТ 17.09.2021, 09:13
«Басшымыз күн көрсетпейді»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 17.09.2021, 08:28
Қарағанды облысындағы мектептерде короновирус қаулап барады
Б.СӘРСЕНБИ 17.09.2021, 04:29
«Балаларға вакцина салынады» деген жалған
Еркежан АРЫН 16.09.2021, 16:30
Қазақстандықтар министрліктердің нормативтік-құқықтық актілерін белсенді талқылауда

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39