Түркістанда биыл 5,5 тонна есірткі тәркіленді

Сайт әкімшілігі

22.12.2021, 16:04

1303

Жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 387 дерек тіркелген. Бұл туралы аталған департаменттінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен облыс полицейлері таяуда ғана синтетикалық есірткі сақтаған бойжеткенді ұстады. Тәртіп сақшылар жедел іс-шаралардың нәтижесінде, Сайрам ауданы көшелерінің бірінде «Ауди» маркалы автокөлікті тоқтатып, жолаушысын тексеру барысында күдікке ілінген бойжеткенді ұстады. Оны тексеру барысында қолындағы сөмкесінен есірткі затының 6 орамы табылып, сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың жалпы салмағы 6 грамға жуық «синтетикалық есірткі» болып шықты. Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау дерегі бойынша бойжеткен қыз қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сонымен қатар облыс сақшылары үй, аялдамалар мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі заттарын жарнамалау, насихаттау бойынша 2 деректі анықтап, 2 адамды құрықтады. Ғаламтор желісінде есірткіні насихаттайтын құқыққа қарсы контентті анықтау және мониторингілеу кезінде анықталған 120 «наркосайтқа» шектеу қойылды.

Бұдан бөлек есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық полиция басқармасының УПИ қызметкерлері және «Жас Отан» партиясының жастарымен, еріктілермен бірге Түркістан қаласының саябақтарына, аялдамаларға, мектептер мен ауруханаларға және т.б. қоғамдық орындарға «Есірткіге жол жоқ» және «Балаларыңызды есірткіден қорғаңыз» тақырыбында түсіндірме құралы ретінде дайындалған плакат жапсырмалары қабырғалар мен хабарландырулар тақтайшаларға жабыстырылды.

Мәселен таяуда ғана жастарды есірткіден сақтандыру мақсатында 600-ге жуық есірткі жапсырмасы қаладағы адамдар көп шоғырланған орындарға, тақтайшаларға жапсырылды. Есірткі және нашақорлыққа қарсы барлығы 35 000-ға жуық оқушы мен студент жастар қатысқан 92 профилактикалық іс-шара онлайн және карантин режимін сақтай отырып офлайн өткізілді. Есірткі бойынша әлеуметтік желідегі департамент парақшаларында 4 брифинг өткізілді.

Қазіргі таңда есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу жұмыстары Ішкі істер министрлігі және облыс әкімшілігі жанынан құрылған ведомствоаралық штабтың тапсырмаларында көзделген талаптарға сәйкес жүргізілуде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49