Түркістанда халықаралық ұйымның декларациясы қабылданды

Сайт әкімшілігі

10.04.2021, 14:54

275

Түркістан қаласы  бұған дейін  Еуразияның Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының  мүшелігіне қабылданған болатын. Жуырда осы ұйымның  X-шы мерейтойлық конференциясы Түркістан қаласында онлайн форматта өтті.

Жиында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан конференцияның маңызы зор екенін атап өтті. Қызығушылық танытып шетелдерден келген қонақтарға алғыс білдірді.

«Биыл Түркістанның жасына қатысты сенсациялық жаңалық ашылды. 2020 жылы біз „Түркістан қалашығының стратиграфиясы“ жобасын қолға алдық, оның аясында Ежелгі қаланың археологиялық кешендері қаралды. Қазба жұмыстары барысында Түркістан жерінде біздің дәуірімізге дейінгі XVI-XIV ғасырларға тән қоныстың пайда болуының дәлелдері табылды. Қаланың оңтүстік шетінде орналасқан Шербай қорымынан табылған қола дәуірінің кешені Түркістанның жасын үш мың жыл деп анықтады», — деген Рашид Абатұлы

Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының (ДМҚҰ) серіктестігі шеңберінде ұйымдастырылған конференцияға тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауда озық тәжірибелі Иран, Ресей, Сербия, Түркия, Польша, Греция, Индонезия, Германия, Марокко, Албания, Қырғызстан, Өзбекстан және Қытай сынды әлемнің 23 елінен 50-ден астам қаланың өкілдері қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Еуразияның Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымының X халықаралық конференциясының декларациясы қабылданды.

Жалпы, аталған ұйым 1993 жылы 8 қыркүйекте Фес қаласында (Марокко) құрылған болатын. Ұйым Дүниежүзілік мұра объектісін қалалық басқаруға қатысты барлық мәселелер бойынша ұжымдық кеңес болып табылады және өз аумағында ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген 300-ден астам қалалармен байланысады. Бұл қалалардың барлығында жалпы 164 миллионнан астам адам тұрады.

Дүниежүзілік мұра қалалары ұйымы (ДМҚҰ) мүше қалаларға ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізудің нақты талаптарына сәйкес бейімделуге және оларды басқару әдістерін жетілдіруге көмек көрсетеді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 17:47
Республикалық референдумға қатысу – азаматтық борыш
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 16.05.2022, 16:50
Қарағандылық шаруалар қауырт қимыл үстінде
Әділ АҚЫЛБАЙ 13.05.2022, 11:45
Отандық спортқа отандық бизнес демеуші
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.05.2022, 17:11
Қайырымдылық қоғамға пайдалы
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 12.05.2022, 08:07
Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
Сайт әкімшілігі 10.05.2022, 06:43
Қостанайда 11 отбасы баспанасыз қалды

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27