01.03.2021, 12:12
1207
Түркістанда әйел мен оның төрт баласының қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев бес адамның қаза болу себебін анықтау жөніндегі комиссия отырысын өткізген.
«Облыс басшысы полиция департаментіне, төтенше жағдайлар департаментіне жан-жақты тергеу жүргізуді, болған оқиғаға кінәлілерді табу және жазалауды тапсырды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау басқармасының психологтары қайтыс болған жандардың туыстары мен жақындарына көмек көрсетеді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР