05.06.2021, 08:56
2385
Түркістан қаласындағы жасыл белдеу аумағындағы қосымша 4 мың гектарға жуық жерге жапырақты және сексеуіл көшеттері мен тұқымы егілді.
«Түркістан қаласының экологиялық ахуалын жақсарту және тұрақтандыру мақсатында қала айналасынан 2019-2023 жылдары 7700 гектар аумаққа «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, қазіргі таңда 4 жылға жоспарланған меже артығымен орындалды. Қазіргі таңда оның 7 700 гектары аяқталған. Дәл осы тұста әр талды егіп, баптаудың оңай соқпайтынын айтып өткім келеді. Түркістан облысының климатына байланысты көшеттердің жерсінуі 50 пайыздан аспайды. Өзге өңірлерде 70 пайыз төңірегінде. Су тапшылығы кезең-кезеңмен шешілуде. Әр тал жеке-жеке суарылады. Алда облыс орталығының айналысындағы 20 мың гектар аумаққа жасыл белдеу қалыптасатын болады»,-деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев.
Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс көлемінде 5 жылда 110 210 гектар жерге 170 миллион ағаш көшеттерін отырғызу бойынша Кешенді жоспар бекітіліп, жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде. Облыс әкімдігіне қарасты орман шаруашылығы мекемелеріндегі 21 питомникте бүгінде 8,6 миллионнан аса әртүрлі ағаш көшеттері өсірілуде. Олардың санын 30 миллионнан асыру жоспарланған.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР