Түрмедегілердің жанайқайы жалған ба?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.06.2021, 11:55

1439

      Қарағанды облысындағы Долинка түрмесінен үш сотталушы қашып кеткен-ді. Олардың екеуі ұсталды. Ал үшінші жазасын өтеуші Абдикаримовке әлі  іздестіру жұмыстары жалғастырылуда. Долинкадағы АК 159/20 колониясынан сотталушы Абдикаримовтің қашып кетуіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тексеру жүргізілді. Түрме бастығына және оның екі орынбасарына, үш бақылаушыға сөгіс пен қатаң сөгіс берілді. Алайда түрме басшылығы бұл қоныстандыру колониясы болғандықтан, жазасын өтеушілер түрме аумағына белгіленген жерде күзетсіз жүре беретінін алға тартып отыр. Сондай-ақ олар жұмыс орындарына да күзетсіз барып-қайтып отырады. Осы сәтті пайдаланып, түрмеден бұдан бұрын қашып кеткен сотталушы Садовиков екі күн бойы қалада жүріп, үшінші күні облыстық прокуратураға барған. Ол құзырлы орын өкілдеріне түрмеде тамақтың талапқа сай берілмейтініне және ауызсу сапасының нашар екеніне шағым білдірген-ді. Прокуратура мамандары қылмыстық атқару жүйесіне бірден хабарласып, оны ұстап берген.        Сонымен қатар осы түрмеде жазасын өтеп жүрген Жамбурбаевтың шағым айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кеткен-ді. Сотталушы құзырлы органдарға да бірнеше рет шағымданыпты. Жамбурбаев та түрмедегі ауызсу мен тамақ сапасының нашар екенін айтқан. Ол ауызсудың бетіне май тұнып қалатынын бейнежазбасында көрсеткен. Жазасын өтеуші «мұнда тексеруге комиссия келгенде түрме басшылығы алдын ала дайындалып, жақсы жақтарын көрсетеді» деген мәлімдеме жасаған.Қылмыстық атқару жүйесі болса Жамбурбаевтың құзырлы органдарға 15 рет шағым жазғанын, оның бәріне жауап қайтарылғанын айтады.      

Жазасын өтеушілердің арызы бойынша комиссия түрмедегі ауызсу мен тамақты тексерген. Қылмыстық атқару жүйесі департаменті мамандарының айтуынша, комиссия құрамына қоғамдық бақылаушылармен қоса, мамандандырылған прокуратура, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары енген. Тексеріс нәтижесі бойынша комиссия түзету мекемесіндегі су мен тамақтандыру режимі санитарлық нормаға сай деген қорытынды жасапты.

Тегтер: қылмыс заң тергеу тексеру

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15