Үгіт-насихат жұмыстары талапқа сай жүргізілді

Сайт әкімшілігі

07.01.2021, 09:12

509

     Биылғы жылдың 10-қаңтары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы күні. Ауданда аталған саяси науқанға дайындық жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Ең бастысы – «Nur Otan»  партиясының желілік кестесіне байланысты әртүрлі деңгейдегі  жиналыстар, кездесулер, басқосулар мен акциялар өз мезгілінде ұйымдастырылып отырды.  Ал 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, үгіт-насихат жұмыстары сәтті басталып, бүгін өз мәресіне жеткелі отыр.

 Ауданымыздан бір азамат Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісіне, тағы бір азамат Жамбыл облыстық мәслихатына, 22 азамат Мойынқұм аудандық мәслихатына депутаттыққа кандидат болып тіркелген еді. Үгіт-насихат науқаны кезінде кандидаттар алдын-ала дайындалған кесте бойынша ауданымыздың барлық елді-мекендерінде болып, халықпен кездесті.  Олар жекелеген ұжымдарда, «Есіктен – есікке», «Кандидат – қонақта» акциялары бойынша сайлаушылармен жеке-жеке  кездесіп, жетекші партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.     

  Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарына байланысты арнайы парақшалармен қамтамасыз етіліп отырды. Әрбір кездесуде парақшалар таратылып, оның қорытындысы әлеуметтік желілерге салынып тұр. 

   Үгіт-насихат кезінде  «Nur Otan»  партиясы атынан Парламент Мәжілісіне кандидат болып ұсынылған Мәден Мұсаев пен Гүлдара Нұрымова, облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар  Қайрат Жетібаев пен Сергей Нилер ауданда бірнеше кездесулер өткізді. Ал Мойынқұм аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттар мен «Nur Otan»  партиясының сенімді өкілдері ауданымыздың барлық елді-мекендерінде болып халықпен кездесті.  Олар шалғайдағы шаруа қожалықтарында да болып, малшыларға да «Nur Otan»  партиясының атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлау күні партияны жақтап дауыс беруге шақырды.     

Сайлауға дайындық барысында құрамында 40 белсенді партия мүшелері бар сайлауалды штаб төрағасы Шахикерім Исабековтің басшылығымен тыңғылықты жұмыс атқарды. Олар үгіт-насихат жұмыстарын үйлестіріп, тиісті парақшалардың дер кезінде таратылуын қадағалап, кездесулерді ұтымды ұйымдастыра білді.  Міне осындай тыңғылықты дайындықтардың арқасы, атқарылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде «Nur Otan»  партиясы сайлауда жеңіске жететініне сеніміміз мол.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 11:50
«Солтүстікке көшсек» дегендер жетерлік
Тілек ҚАЙЫРБЕКҰЛЫ 14.04.2021, 20:36
Жасыл экономика сән бе, әлде қажеттілік пе?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.04.2021, 09:16
Құба даланы бұғаттағандарға бұғалық неге салынбайды?
Мамыр ТӘУКЕЕВ 14.04.2021, 08:54
Балқаш: Ем қайда, су қайда?
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 12.04.2021, 17:01
Қарағанды облысында карантин талабы күшейтілді
Сайт әкімшілігі 12.04.2021, 14:14
Алматыэпидемиологиялық жағдайы айтылды

Аңдатпа


  • 20 жыл тұрған баспанамыздан қуып жатыр (видео)
    12:06
  • Қонаевқа неге соқтыға береміз?
    14.04.2021, 09:08
  • Дағдарысты ауылдан жауап
    09.04.2021, 08:46
  • Жылқы бағып, мотоцикл мінген әзиз әжелер
    08.04.2021, 14:24
  • Ашынғаннан шыққан ащы дауыс
    09.04.2021, 09:03