Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс

М.СӘУЛЕБЕК

15.10.2021, 12:19

1661

Шымкентте Қонаев – Рысқұлов көшелеріндегі жолайрығының құрылысы аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Көлік қозғалысы өткен жексенбіде Қонаев даңғылында ашылды. Қалалық әкімдіктегі жауапты басшылардың айтуынша, 1 қарашада Рысқұлов көшесіндегі қозғалыс толығымен қалпына келтіріледі. Осылайша ұзақ жылдардан бері айтылып келе жатқан жолайрығының құрылысы аяқталды. Жолайрық Шымкент үшін үлкен жетістік. Кейбіреулер тіпті мұны  жылдың ең басты жаңалығы ретінде атап жатыр.

 Жолайрықтың құрылысы былтыр күзде басталған. Құрылысшылардың айтуынша, нысан белгіленген мерзімінен бір жыл бұрын пайдалануға берілді.         Жолайрықтың ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Көлік кептелісі қала тіршілігінің ырғағы мен экономикасына тікелей әсер ететінін атап өткен қала басшысы Д.Қонаев даңғылындағы құрылыс мерзімін барынша қысқартудың маңыздылығына да тоқталды. 

– Ірі жолайрығын салу – үлкен қалаларға тән құбылыс. Бұл нысан құрылысы барысында көптеген қиындықтар болды. Инженерлік жүйелері, яғни су, газ, электр жарығы, байланыс желілері ауыстырылды. Құрылыс маңындағы көшелерде көлік өткізгіштігі шектен асып, кептелістер орын алып жатты. Бұл, әрине, тұрғындарға қолайсыздық туғызды. Мерзімінен ерте аяқтау себебіміз де осы. Жалпы, қаладағы көлік кептелісін азайту мақсатында кезең-кезеңімен осы сынды бес жолайрығы салынатын болады, – деді Мұрат  Әйтенов. 

Д.Қонаев даңғылының ашық тоннель арқылы жер астымен өту бөлігінде алдағы уақытта жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Қала басшысы жаяу жүргіншілер жолы жобада қарастырылмағанымен, оны салу қажет екенін атап өтті.

Нысан құрылысына жауапты мердігер – «Bazis Construction» ЖШС. Жолайрықтың жалпы ұзындығы Д.Қонаев даңғылы бойынша – 1030 метр, ал Т.Рысқұлов көшесі бойынша – 684,7 метр, ал жолдың ені – 45 метр.

Жолайрықтың көлік өткізгіштігі тәулігіне 141 720 көлік бірлігін құрайтын болады. Осылайша қаладағы көліктер кептелісі едәуір азаяды.

Жалпы, Шымкентте кейінгі кездері көлік кептелісі өзекті мәселеге айналып келе жатыр. Мегаполисте «темір тұлпарлардың» саны күрт көбейген. Алдағы уақытта кептелісті азайту үшін осындай жолайрықтарды бірінші кезекте Бәйдібек би – Арғынбеков, Сайрам – Жібек жолы, Бәйдібек би – Төлеметов көшелерінің қиылыстарына салу көзделіп отыр. Сонымен бірге қазір Қонаев даңғылын Ташкент тас жолымен қосу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталса қала жолдарына түсетін салмақ жеңілдейді. Қазіргі уақытта көліктер Ташкент бағытына жалғыз республика даңғылы арқылы шығады. 

Сондай-ақ қала әкімі бірқатар жол құрылысы нысандарын аралап, жұмыс барысын бақылады. Солардың бірі – Алматы – Ташкент автомобиль жолын қайта құру жұмыстары. Құрылыс мерзімі 2018-24 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы, жоба сегіз кезеңнен тұрады. «Бірінші кезең Қ.Төлеметов көшесінен «Ынтымақ» шағынауданына дейінгі аралықты қамтиды. Бүгінде жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесін ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын, арық жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілді. Бірінші кезең осы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта жұмыстар 90 пайызға атқарылды. Екінші кезең Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңдегі жұмыстар 60 пайызға орындалған. Үшінші кезеңдегі жұмыстар 100 пайызға аяқталған. Төртінші кезең Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықтағы құрылысты аяқтау келесі жылға жоспарланған. Автомобиль жолының төрт кезеңінде де екі жағынан су ағатын арық, жасыл аймақ, тротуар, жарық шамдар орнату көзделген», –  делінген қалалық әкімдік таратқан ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, бұл жолдардың құрылысы аяқталғанда қанағаттанарлық жағдайдағы сапалы жолдардың үлесі айтарлықтай артады.

Тегтер: жол құрылысы кептеліс мәселе әкімдік жергілікті әкімшілік қаражат

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30