Ұлттық байлығы - ана тілі

Сайт әкімшілігі

13.11.2020, 12:02

213

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қазақтану" жобасы аясында саз колледжінде түрлі этнос өкілдері арасында "Ұлт үні«керуені байқауына іріктеу кезеңі өткізілді.

Екі кезеңнен тұратын жобаның бірінші кезеңі Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында өткен болатын. Жалпы 82 үміткер бақ сынап, 20 қатысушы таңдап алынған еді. „Ұлт үні“ керуенінің мақсаты — татулықты нығайту арқылы Әл-Фараби, Абай, Шәмші Қалдаяқов сынды қазақтың танымал тұлғаларының шығармаларын насихаттау, өнер саласында қазақ халқының өнерін танытуға үлес қосқысы келетін этнос жастарын анықтап, оларға қолдау көрсету. Бүгінгі екінші кезеңде 20 қатысушының қатарына енген өнерпаздар өнері тамашаланды

— Ұлттың байлығы — ана тілі. Тілден басқа қандай құндылық, байлық бар?! Бүгін этнос өкілдерінің өнеріне сүйсіндік. Айталық, кәріс ұлтының өкілі Павел Ким Қ. Шілдебаевтың „Отан ана“, Ермұрат Зейіпханның „Көк тудың желбірегені“ әнін шеберлікпен орындады. Ольга Рудакова халық әні „Әй-әй бөпемді“ көрерменге қандай жеткізді? Нематилло Зкрулаев Ш. Қалдаяқовтың „Бақыт құшағында“әнін нақышына келтіріп шырқады. Р. Таймановтың „Мен қазақ қыздарына қайран қалам“ әнін түрік этносының өкілі Гүлханым Тұрсынова қобызбен орындауы көңілімізден шықты,- деді ақын Әбдіхалық Әбдірайым.

Айта кетейік, „Қазақтану“жобасы аясындағы байқау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қолдауымен Ішкі саясат және жастар істері басқармасы ұйымдастырған болатын. Байқаудың үздік қатысушылары Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марапатталады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.02.2021, 22:00
Судьяның тәртібін комиссия қарады
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 14:02
БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 12:36
Түркістанға «Гам-КОВИД Вак» вакцинасы жеткізілді
Сайт әкімшілігі 26.02.2021, 11:21
Бірқатар өңірлерде жолдар жабылды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 26.02.2021, 09:18
Қос азаматтығы бар шенеунік басшылық қызметте қалай жұмыс істеген?
Нұр-Қасым ЖОМАРТ 26.02.2021, 09:15
Ардагерлер кеңесіне ұстанымы биік тұлға қажет

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51