Ұлытауда төтенше жағдай жарияланды

Сайт әкімшілігі

05.07.2021, 11:45

883

Ұлытау ауданында дала өртінің шығуына байланысты ТЖ режимі жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті. 

"Ұлытау ауданында дала өрті салдарынан ТЖ режимі жарияланды. Өкінішке қарай, ер адамның мәйіті табылды, тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, 200-ден аса мал қырылды.Қазіргі уақытта өңір бойынша 17 табиғи өрт ошағы бақылауға алынды. Оқиға орнында тәулік бойы 70 техника, ТЖД-ның 350-ден аса қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жатыр", — деді Қасымбек.

Қарағанды облысы әкімінің мәліметі бойынша, 15 өрт ошағынаң 10-ы жойылған. Дала өртінің екі ошағы мен бес өрт шығуы мүмкін жер бақылауға алынған.

«Табиғи өрт ошақтарын сөндіруді ұйымдастыруға „Қазавиақұтқару“ АҚ тікұшағы бөлінді, операцияны менің орынбасарым Шайдаров басқарады», — деді Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында дала өрті салдарынан ер адам қаза тауып, жүздеген мал қырылғаны хабарланған болатын.

Тегтер: өрт оқиға қауіпсіздік төтенше жағдай

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11:25
Қарағанөзектік балалар өлімге бас тігіп жүріп білім алуда
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 08:27
Қарағандыдағы 7330 үй басқарудың жаңа жүйесіне енуге қауқарлы
Кемел ЖАН 18.05.2022, 13:35
«Жаңа Қазақстанның» мақсаты – парасыз мемлекет құру
Кемел ЖАН 18.05.2022, 12:05
Есірткімен күрес болашақ үшін қажет
Әділ АҚЫЛБАЙ 18.05.2022, 11:00
Балалардың «Футбол тойы» жылда өтетін болды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 18.05.2022, 08:38
Жемқорлыққа жол берген қызметкерге жаза қатаң

Аңдатпа


  • Қалтырауық үкімет
    18.05.2022, 06:20
  • Қонаев кімнен кем, кімнен артық еді?
    18.05.2022, 06:17
  • Парадокс! Қырғыз құрлы болмадық...
    18.05.2022, 06:15
  • «Құдай маған форточкадан береді»
    17.05.2022, 05:08
  • Халықты тонаудың бір әдісі
    17.05.2022, 05:13