ҰҚК ядролық террористерді ұстады

А. ЖАНЕРКЕ

13.08.2021, 14:53

1715

       Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтардың бомба жасау үшін пайдаланылатын радиоактивті уранды сату әрекеттері туралы хабарлады.

Өткен жылы ҰҚК Орталық Азия елдерінің бірінің арнайы қызметімен бірлесіп, ядролық материалдардың заңсыз айналымы саласындағы Орталық Азия елдерінің азаматтарынан трансұлттық қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты. Біріншіден, «Уран-235, 238» ядролық материалын сатпақшы болғанда Қазақстан азаматы ұсталды. Ядролық материалда қазақстандық емес, орталықазиялық «тіркеуі» болғанын ескере отырып, халықаралық арнаны басу үшін бірлескен операция өткізу туралы шешім қабылданды. Ядролық материалдың кезекті партиясын аса ірі сомаға сатпақшы болған кезде Орталық Азия елдері азаматтарының қылмыстық тобы ұсталды. Көрші елдің барлау қызметі қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде.

       Тағы осындай бір факт 2020 жылдың соңында болды. ҰҚК қызметкерлері Қазақстан аумағында «Уран-238» ядролық материалын сатуды жоспарлап отырған төрт сыбайлас – Орталық Азия елдерінің азаматтарымен бірге, Қазақстан азаматы ұсталды. Уранның Орталық Азия аймағында ұрланғаны және Қазақстан аумағына контрабандалық жолмен жеткізілгені белгілі болды. Арнайы қызмет қызметкерлері қылмыскерлердің әрекетін есептеп, «Уран-238» ядролық материалы бар контейнерді сату кезінде ұсталды.

       Ядролық физика институты мамандарының ресми қорытындысына сәйкес, ұсталған контейнердегі «Уран-238» субстанциясы гамма-сәулелену қабілеті сағатына 4 микросиверттен асатын ядролық материал болып табылады, бұл шекті мөлшерлік мәннен 26 есе жоғары. ҰҚК мәліметінше, қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен оның сыбайластары ҚР ҚК 286-бабы, 2-бөлігі, 4, 283-тармағы, 2-бөлігі «Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу» және «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша әрқайсысы 7 және 8 жылға сотталды.

         Бұл ретте тек өткен жылы ғана еліміздің аумағында радиоактивті материалдарды сатудың он шақты фактісінің алдын алды. Халықаралық лаңкестік ұйымдар бомба жасау үшін ядролық және радиоактивті материалдарға қол жеткізуге ұмтылады. Мұндай бомбаның жарылуы радиоактивті материалды шығарады. Егер мұндай бомба үлкен қалада жарылса, радиация бүкіл ауданды өмір сүруге жарамсыз етеді.

        Айта кету керек, аталмыш бомба әлем әскерлерінде қолданылмайды. Террористер мұндай психологиялық қаруды бір елде немесе аймақта қорқыныш тарату үшін қолданады. Орталық Азияда адам қызметінің әртүрлі саласында қолданылатын сәулелену көздерінің едәуір саны бар. Радиациялық көздер мен ядролық материалдардың заңсыз айналымы біздің елде де тамыр жайып кетуі ғажап емес.

                                                              

Тегтер: дін дін істері мемлекеттік саясам келісім жоспар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 18:37
Қытайда жаңа вирус шықты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 13:41
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 08.08.2022, 09:11
Оралдағы кәсіпкер өлімі: күдіктілерді іздеуге әскерилер тартылды
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 06.08.2022, 09:28
Төтенше жағдай қызметі заманауи талаптарға бейімделіп үлгеруде
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 13:22
Ақтауда полицейді пышақтап кеткен күдікті ұсталды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 19:42
Әлемде маймыл шешегі өршіп барады

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47