19.02.2021, 10:47
1338
Қазақстанда боранға байланысты үш облыстағы тасжол жабылды, — деп хабарлайды «Жас Алаш».
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысында 19 ақпанда сағат 09.30-дан бастап 0-272 шақырымдық «Ленин-Ертіс-Русская Поляна» автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелген.
"Қазавтожол" мәліметінше, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тасжолдар жабылған.
19 ақпанда сағат 08.15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолындағы көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар, 19 ақпанда сағат 08.00-де "Өскемен-Семей", «Омск-Майқапшагай» тасжолдары жабылған. Сағат 08.15-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында «Омск-Майқапшағай» автожолында жүру шектелді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР