Үшінші мегаполисте 29 Достық клубы жұмыс істейді

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 08:59

257

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу өткізді.

Айта кетерлігі, мегаполис мәртебесін алған Шымкент қаласы тұрғындарының 38 пайызын этнос өкілдері құрайды. Халықтың осы санатын жалпыұлттық міндеттерге жұмылдыруда 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарады.

Сондай-ақ орта арнаулы оқу орындарында 29 Достық клубы жұмыс істейді.

Кездесуде этносаралық қатынастар саласындағы ахуал, проблемалық мәселелер және оларды шешу жөніндегі шаралар талқыланды. Талқылау барысында Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Мұқан: «Елімізде тұрақтылық пен келісім үйлесім тапқанда ғана, болашаққа үмітпен қарауға, іргелі реформаларды іске асыруға мүмкіндік бар. Біз кез келген қиындықтар мен кедергілерді тек бірге бірлікте, татулықта, өзара сыйластықта ғана еңсере аламыз», — деді.

Сонымен қатар, қоғамдық ұйымдар мен құрылымдардың этносаралық қатынастар саласындағы жұмысын жаңғырту мәселелері де қарастырылды.

Кездесу қорытындысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан олардың этносаралық саладағы қызметін одан әрі жетілдіру, азаматтық қоғамды, этномәдени бірлестіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарын бірлескен жұмысқа белсенді тарту жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 17:06
Адам құқығы: Қазақстан халықаралық ұсынымдарды қалай жүзеге асырып жатыр?
Сайт әкімшілігі 10:01
Қазақстанның құқықтық саласы дамып келеді
Еркежан АРЫН 08:40
Мұқтаж жандар азық-түлікпен қамтамасыз етілді
Еркежан АРЫН 27.07.2021, 12:45
Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша әлемде көш басында
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 13:15
Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты
Сайт әкімшілігі 25.07.2021, 16:55
Жөлек ауылында алғашқы дауыс берген адамға сыйлық берілді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55