Үшінші мегаполисте жол жөндеу қазанда аяқталады

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 11:08

55

Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталуда. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 1,5 шақырым, ені 5 метр болатын Абдраманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, Еңбекші ауданы Төле би көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС жүргізуде. Мұнда жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық арықтарды алмастыру қаралған. Көшенің ұзындығы 2,6 шақырым. Бүгінгі таңда, жолдың беткі асфальт қабатын жаңарту жұмыстары орындалуда. Жұмыстар қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланған. Әл-Фараби ауданы Түркістан көшесінде  жолдың беткі қабатын жаңарту, ирригациялық арықтарды алмастыру, жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу секілді жұмыстар атқарылады. Мұнда 1,9 шақырымды құрайтын көше бөлігі жөнделеді. Қазір жолдың беткі қабатын асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Нысан ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

 Еңбекші ауданы Жібек жолы көшесіндегі  орташа жөндеу жұмыстары «Сади Строй» ЖШС-гі тарапынан жүргізілуде. Көшенің ұзындығы 1,2 шақырым. Бүгінде жолдың беткі қабатын асфальттау жұмыстары атқарылуда.

Сонымен бірге Қаратау ауданы Таскен тұрғын алабындағы Абылайхан және Түгейболат көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, №115 мектепке баратын атауы жоқ көшеге жаяу жүргіншілер жолын орнату жұмыстары атқарылу үстінде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 17:13
Шымкентте коронавирус жұқтырған оқушы жоқ
Нұрболат ӘЛДИБЕК 30.11.2020, 16:33
Таразда кезекте тұрған 80 мұқтаж отбасы үйлі болды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 13:04
COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 12:03
Алматы облысына қарасты жолдар жабылды
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:18
Үш адам қайтыс болды - көлік апатының мән-жайы
Сайт әкімшілігі 30.11.2020, 10:13
Алты облыста жел соғып, бұрқасын болады

Аңдатпа


  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04
  • Көлік қаққан балалардың құқы аяқ асты таптала бере ме?! (видео)
    29.11.2020, 10:26
  • Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)
    28.11.2020, 17:05