Вакцинацияны қолдау: Қазақстандық ЖОО-лар бейнеролик жолдау акциясын бастады

Сайт әкімшілігі

10.07.2021, 22:20

808

Қазақстанның жоғары оқу орындары вакцинацияны қолдау мақсатында бейнеролик жолдау акциясын бастады, деп хабарлайды «Жас Алаш» ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Алматы технологиялық университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Шәкәрім университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Павлодар педагогикалық университетінің білім алушылары мен оқытушылары бейнероликтер түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады. Бейнежазбада вакцинациялаудың қажеттілігі туралы айтылған.

«Мен вакцинаның екі компонентін алдым. Барлығы жақсы өтті, жағымсыз әсері болған жоқ. Жалпы, студенттер арасында вакцинацияны ынталандыру акциясын қолдаймын, өйткені келесі оқу жылында дәстүрлі форматта, яғни университет қабырғасында оқығым келеді. Ол үшін біз ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз керек. Мен бұл науқанды қолдаймын. Карантинге дейінгі қалыпты өмірге тек осылай ғана ораламыз», — деді М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Ерсұлтан Нүсіпжанов.

Коронавирусқа қарсы вакцинация акциясын университет оқытушылары да белсенді қолдайды. «Біз бәріміз азаматтық жауапкершілік танытып, қауіпті вирусқа қарсы вакцинациялануымыз керек. Мен барлық студент пен оқытушыларды екпе алуға шақырамын. Вакцинация — коронавирусты жеңудің жалғыз жолы. Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар», — деді Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушысы, PhD докторы Самат Байгереев.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15