"Востокмашзавод": жалақы қарызы – 48 млн. теңге

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

02.02.2021, 12:30

1561

«Востокмашзавод»АҚ-ның қызметкерлеріне қарызы 48 млн. теңгеден астам соманы құрайды. Кәсіпорынның 420 қызметкерінің өткен жылдың соңғы айынан жалақысын алмағаны өз алдына, зейнетақы, әлеуметтік, сондай-ақ МӘМС қорына да аударымдар түспеген. Ал, қаңтар айынан бастап жұмысын уақытша тоқтатқан алып кәсіпорынның алдағы күні қалай болмақ?.. Осыған орай облыстық әкімдік пен «Востокмашзавод» АҚ өкілдері онлайн баспасөз мәслихатын өткізуге мәжбүр болды.

Тау-кен және байыту жабдықтарын, халық тұтынатын тауарларды және басқа да тауарларды өндіретін зауыттың 60 жылдық тарихы бар. Кеңестік Одақ кезінде мұнда 50 мыңға жуық өнім шығарылғанымен, кәсіпорынның қазіргі ауқымы жасына сай «қартайып» дағдарыстық жағдайға ұшырай бастаған. 10 жылдан астам уақыт бойы "Қазақстан теміржолы" ҰК –ның қажеттіліктерін өтеумен айналысқанымен, осы уақыт ішінде зауыт толық өндірістік қуатқа шықпаған, ғимараттарына, жабдықтарына күрделі жөндеу жүргізілмеген, тауарларына сұраныстың да төмендеген жайы бар.

— Қазір мұнда 4 күндік жұмыс аптасының 50% төлемімен 220 адам жұмыс істейді. Кәсіпорында «ВМЗ Инвест» ЖШС жаңа инвесторы пайда болды, ол зауытты дамыту бойынша 2021 жылдың 1 жарты жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Негізгі міндет – №10 вагон құю цехын іске қосуға және шарошка қашауларын өндіруді қалпына келтіруге өз қаражатын инвестициялау. Олар компанияның қарыздарын өтеуге көмектесуге дайын, — дейді ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов.

Өңірдің кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Сергей Золотаревичтің айтуынша, 8 қаңтарда «ВМЗ Инвест» ЖШС зауыт акцияларының негізгі пакетін сатып алған. Қазір құжаттарды ресімдеу процесі жүріп жатқан көрінеді.

«Востокмашзавод» АҚ директорының міндетін атқарушы Қанат Қалиевтің мәлімдеуінше, зауыт жұмысшылары өткен жылдың қараша айының қарызын 2021 жылдың қаңтарында алған.

-Біз бәсекеге қабілетті компаниялар қатарына кіру үшін қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне жұмыс істейтін боламыз. 2 ақпаннан бастап бізге жағдайды бағалау және қайта құру, технологиялық процестер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін неміс компаниясы келеді. Өндіріс жабылмайды және қызметкерлерді қысқарту жоспарланбайды",-дейді Қ. Қалиев.

Тегтер: жалақы әділетті бөлініс нарық экономика қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым Еркебаева 28.01.2022, 21:08
Бұрынғы атауы қайтарылсын!
Сайт әкімшілігі 28.01.2022, 09:31
Түркістан облысындағы экономиканы жаңғыртудың бүгіні мен келешегі
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 17:08
Павлодарлық полицейлер басшылықтан қашанғы қысым көреді?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 16:13
Ауылды «еститін Үкімет» қайда?
Сайт әкімшілігі 27.01.2022, 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48