Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті

Сайт әкімшілігі

22.10.2021, 19:13

482

Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаровтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турнир өтті.

Турнирге, елімізде ауыр атлетиканың дамуына үлес қосып жүрген бүгінгі біздің турниріміздің құрметті қонағы әлемнің төрт дүркін чемпионы атанған, Қазақстанның еңбегі сіңірген спорт шебері біздің мақтанышымыз Илья Ильин, Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шиелі ауданының құрметті азаматы П.Архабаев, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов пен зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турнирге ұлдар  және  қыздар арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша 100-ден астам ауыратлетшілер бақ сынамақ.

Турнирге Қырғыстан мемлекетінен, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданының спортшылары қатысуда.

Еңбектегі қаһармандығы үшін әйгілі күріш өсірушіге 1949 және 1971 жылдары екі рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ыбырай атамыз сонымен қатар, 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталса, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің үш мәрте депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының мүшесі болды, 4 рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен, бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің 4 алтын медалімен марапатталды.

Сөз соңында, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Миуа БАЙНАЗАРОВА 11:40
Ғанибек Қазантаев, Қызылорда қаласының әкімі: Басты мақсат – халыққа жағдай жасау
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:35
Теміртау тағы тоңып отыр
Сайт әкімшілігі 09:36
Шортандыдағы жарылыс, Абай кенішіндегі апат. Министр кінәлілерді атады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 18:00
"Алматыда жойқын жер сілкінісі болса, ғимараттардың 60 пайызы қирайды"
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 16:22
БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан бастап аударуға болады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 12:55
Қарағанды облысында 11 айда 3,7 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14