17.09.2020, 03:42
845
Қызылордадағы әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй-жайлар қоларбаға таңылғандар үшін кіруге қолайсыз болып тұр. Есту қабілетінен айырылғандардың бас қосатын орны да ескірген. Өзекті мәселелерді шешу мүмкіндігі шектеулі жандарға қиын соғуда. «Мүгедек санаттағы адамдарға барлық мүмкіндікті жасау қажеттігі президент жолдауында айтылған болатын. Олардың өмір сүру сапасын арттыру және құқықтарын қамтамасыз ету бағытында 2025 жылға дейінгі аралықты қамтитын ұлттық жоспар бекітілді. Жоспар аясында өңірде мүгедектікпен есепке алынған жандарға көрсетілетін қамқорлық аясы кеңейіп, ауқымды шаралар атқарылып келеді. Бүгінде осы мүгедек санатта 30 мыңнан астам адам бар. Оларды қолдау мақсатында биыл былтырғыдан 1,5 есе көп қаржы бөлінді», – деген еді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Өңір басшысының айтуынша, біріншіден, жүріп-тұруы қиын адамдар үшін әлеуметтік нысандардың қолжетімді болуы маңызды. Жергілікті инфрақұрылым бұған әлі толық бейімделмеген. «Nur Otan» партиясы қабылдаған «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында жұмысшы топ тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Бірақ кемшілік әлі бар. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға керек тауар және қызмет түрлерінің тендерге түсуі 2025 жылдан бастап тоқтамақ. Оның орнына олар портал арқылы қолжетімді болады. Үшіншісі – жұмыс берушілердің арнайы квота бөлуі. Заңда тайға таңба басқандай көрсетілгенімен, талаптың орындалуы тасада қалуда. Өткен жылы қоларба сыятын автобустар мен вагондар сатып алынды. Барлық ауданда инватакси бар. Қызылорда қаласы бойынша тағы төртеуін алу жоспарланып отыр. Әлеуметтік пәтерлер құрылысы жалғасын табуда. 1 тамыз күнгі мәліметке сүйенсек, 528 қызылордалық еңбекпен қамтылды. Соның тек шамамен 10 пайызы тұрақты жұмыста. Кәсіпке ден қойғандар үшін мемлекеттік грант, несие беру жолға қойылған.
Солай десек те, шешімін таппаған жайттар да аз емес. Оның ішінде әлеуметтік нысандар мен жолдардың арбадағы адамдар мен зағип жандар үшін кедергі келтіруі, мүгедектерді тұрақты жұмыспен қамту, жергілікті мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерде олардың сөзін сөйлейтін тағдырлас жандардың болмауы сияқты мәселелер бар.
«Қазақ соқырлар қоғамы» 80 жылдан астам тарихы бар ұйым ғимаратының сапасы сын көтермейтінін жеткізді. Ұйым мүшелерінің қолынан шыққан төсек-жабдық пен киім-кешекті өткізудің қиындығы өз алдына. Өңірде 1200 көз мүгедегі бар. Соның ішінде ІІ топтағылардың жағдайы мәз емес. Оларды кез келген ұйым жұмысқа ала қоймайды. Жәрдемақылары да мардымсыз. Қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүре алмайды. Осындай мәселелердің шешілуіне кім ықпал жасайды? Сондай-ақ сол ғимарат базасында арнайы компьютерлік курс ашу қажет. «Құлағының мүкісі бар 800-ге тарта қызылордалыққа арналған ғимараттың есік-терезесі әбден ескірген. Бір-бірімен кездесіп, проблемаларын ортаға салатын орын жоқ. Содан да көшіп-қонып жүруге мәжбүр», – деген өңір басшысы аталған мәселелерді шешу жолдарын қарастыру туралы орынбасары мен тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР