Заңсыз саудаға тұрақты рейд ұйымдастырылуда

Сайт әкімшілігі

05.10.2020, 09:28

178

Шымкентте заңсыз сауда жасаушыларға тұрақты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Абай ауданы Полиция басқармасы мен әкімдік қызметкерлері аудан аумағындағы белгіленбеген орындарда сауда жасаушыларға кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында Әл-Фараби көшесі бойында шаһар көркін бұзатын ретсіз сауда орындары анықталды.

Заңсыз сауда жасаушыларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау керек екені ескертілді. Аудан аумағында бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізіліп келеді.

Жалпы, жыл басынан бері Абай ауданы бойынша заңсыз сауда жасаушыларға 298 635 теңге айыппұл салынған. 675 хаттама толтырылып, 632 ескерту берілген.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15