Жалақы алмаған жұмысшылар аштық жариялады

Мариям МАҚСАТ

18.11.2020, 12:19

756

Биыл Баянауыл ауданына қарасты Майқайың кентінде жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік конкурс жарияланып, жеңіске жеткен қарағандылық «Ишим Строй Инвест» компаниясы тамыз айында жұмысқа кіріскен болатын. Компания 40-тан астам жергілікті тұрғынды жұмысқа тартты. Бірақ құрылыс алаңында еңбек еткен адамдар төрт ай бойы жалақыларын ала алмай жүр.

Тұрғындардың сөзінше, жұмыс беруші еңбекақыны бір аптаға кешіктірген кезде олар жұмысқа шықпай, наразылықтарын білдірген. Кейін кент әкімі, аудан әкімінің орынбасары, тіпті аудан басшысы Қанат Кәрімовтің өзі ауылға келіп, жұмысшылармен жүздесіп, жалақының төленерін айтып, уәдені үйіп-төккен. Алайда бұл уәделері әлі күнге дейін орындалмай келеді.

«Жергілікті шенеуніктер келіп, «Алаң болмаңдар, ақша болады. Тек жұмысты жасап, уақытылы бітірсеңдер болғаны» деген соң сөздеріне сеніп, жұмысқа қайта шықтық. Бүгінде кент тұрғындарына жылу берілді. Бірақ айлығымызды төрт айдан бері ала алмай жүрміз», — дейді Майқайың кентінің тұрғыны Ерсін Шабалов.

«Маңдай термен атқарған адал еңбегіміздің ақысын сұрап, әкімдікке барсақ, олар мердігерлерге сілтейді. Мердігер кінәні әкімдікке қарай итереді. Екі ортада қырықтан астам жұмысшы мен олардың отбасылары зардап шегіп отыр. Бәрінің ата-анасы, бала-шағасы бар», — дейді кент тұрғыны Данияр Омаров.

Аудан әкімі Қанат Кәрімов мердігер компания мен жұмысшылар арасында еңбек келісімшарты жасалмағанын алға тартып, тұрғындарға сотқа жүгінуге кеңес берді. Ал өз жауапкершілігінен бас ала қашып отыр.

«Тұрғындармен кездесіп, ақшаның болатынын айтқаным рас. Қыркүйек айында мердігерге 18 млн теңге, қазанда 20 млн теңге төледік. Ал мердігердің әкімдіктен алған қаржыны неліктен жұмысшыларға бермей отырғаны маған беймәлім. Мәселені шешу үшін тұрғындарға сотқа арыз түсіруге кеңес бердік», — дейді шенеунік.

Бұл ретте мердігерлер де қарап қалмапты. Олар жергілікті полиция департаментіне құрылыс учаскесінің басшысына қатысты шағым түсірген екен. Қазір тәртіп сақшылары мердігер мен жұмысшылар арасында «көпір» болған азаматты іздестіруде.

«Біз жұмысшыларға айлық төлеу үшін қажетті соманы құрылыс учаскесінің басшысына бердік. Бірақ ол не келісімшарт жасамапты, не еңбекақыны бермепті. Сондықтан оның үстінен арыз түсірдік»,  - дейді компания басшылығы.

Ал Майқайың кентінің тұрғындары «айлықтарыңды аласыңдар деп әкімдік уәде берді, сондықтан өз сөздерінде тұрсын» деген талап қойып отыр. Тіпті, жергілікті әкімдікте қонуға бар. Олар әкімдіктің алдына жиналып, аштық жариялады.  

Тегтер: жалақы жұмысшылар аштық жұмыс беруші мердігер жергілікті әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 16:00
Күдікті жазадан құтылып кете ме?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.10.2021, 15:55
Жастардың жұмыс жағдайы қалай ?
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 26.10.2021, 12:20
Бөкейде дүбірлеген той өтті
Миуа БАЙНАЗАРОВА 26.10.2021, 09:44
Сапалы білім – болашаққа құйылған инвестиция
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 08:48
Қазақстандағы гендерлік саясат үнемі сабақтастық пен тепе-теңдік принциптеріне негізделген
Сайт әкімшілігі 22.10.2021, 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01