Жамбыл ауданында интернет мәселесі шешімін табуда

Нұрболат ӘЛДИБЕК

17.12.2020, 15:16

242

Дүниеге дүрбелең орнатқан коронавирус инфекциясының салқыны білім саласына да тигені рас. Уайымсыз, сөмкесін қолына іле кетіп, дәріс алып, топталып думанды шараларға қатысқан оқушылар көзге көрінбейтін індетке тап болды. Көзімізге балпанақтай баланың бетперде тағып жүргені көңілімізге қаяу ұялатқанымен, денсаулық сақтау сарапшылары бетперде тағудың тиімділігін айтып, жиі құлағдар етті.

Күннен күнге індетке бой түзеле бастағанымен, мұның ауыртпалығы жаңа оқу жылы басталғанда қылаң берді. Ауданымыздан шалғай орналасқан Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңаөткел, Өрнек, Ерназар, Ащыбұлақ, Шайдана ауылының тұрғындары пандемияға табандылық танытқанымен, дәстүрлі оқыту маусымына балаларын жіберуге жүрексінгендері рас. Олар елімізде індеттен сақтану бағытында қолға алынған қашықтықтықтан оқыту форматын қуана құптады. Ал бұл форматта білім алуға ғаламтор желісі ауадай қажет екенін айтпасақ та түсінікті. Ауыл әкімдері де бұл жағдайдың алдын алу үшін «Қазақтелеком АҚ» аудандық бөлімшесінің табылдырығын тоздырғанын қынжыла жеткізді. Бөлімше мамандарының айтары интернет нүктелерінің тапшылығы. Ашып айтсақ, бауын тапса байлауын таппайтын мәселе екені анықталды. Осы сұранысты қанағаттандыруды көздеген аудан әкімі Сәкен Арубаев тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, ауданды ғаламтормен қамту қажеттігін жедел қолға алу керектігін басып айтты. «Амал іздеген жол табар» демекші, «Транстелеком» АҚ-ның Тараз қаласындағы «Жамбылтранстелеком» компаниясының дилері ұсынатын тиімді жобаны қолдаған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы компания қызметкерлерімен кездесіп, жобаның құрылымын егжей-тегжейлі талқылаған болатын. Бұл қыркүйек айы еді. Компания өкілдерімен тығыз байланыс орнады. Компания өкілдерінің айтуынша, инвесторлардың көмегімен жүзеге асырылатын жоба бойынша әр үйге төлем 4000 теңге мен 6000 теңге аралығында болмақ. Жылдамдығы да жоғары (40 Мбит/с). Бұл тарифке қосымша 110 телеарналарға қосылуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ауылдардан ғаламтор қажеттілігі бойынша өтініштер көп болуы қажет, – дейді компанияның басқарушы директоры Дархан СәрсебайұлыҚыркүйек айында бастау алған жобаға үш ай өтті. Нәтижесі қандай екенін анықтау мақсатында жоғарыда аталған ауылдарға бас сұққан болатынбыз. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, соңғы 3 айдың ішінде 555 өтініш иесі жылдам ғаламтор желісінің қызығын көріп отыр. Өрнек ауылында 332, Жұма ауылында 31, Ерназар ауылында 43, Жаңаөткел ауылында 38, Құмсуат ауылында 15, Тоғытарау ауылында 49, Ащыбұлақ және Шайдана ауылдарында 47 абонент бастаманың шарапатын көре бастаса, желінің жылдамдығына көзі жеткен өзге елді мекеннің тұрғындары да компания өкілдеріне өтініш білдіруде.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі
Сайт әкімшілігі 09.08.2022, 17:35
Түркістан: АӘК алатын отбасылардың балалары мектеп формасымен қамтамасыз етіледі

Аңдатпа


  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49
  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49