Жамбыл облысында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды

Сайт әкімшілігі

24.12.2020, 14:04

740

Ел президенті Қасым Жомарт Тоқаев«Жаңа жағдайдағы Қазақстан:Іс қимыл кезеңі»Жолдауында«Бұқаралық спортқа, дене тəрбиесіне жəне балаларға басымдық беру керек. Əр облыста, ірі аудан орталықтарында спорт үйірмелерін ашу қажет» деп тапырма берген болатын.

Осы орайда,Жолдауға сәйкес, Жамбылда балалар мен жасөспірімдерге Тәуелсіздік күніне орай спорт кешендері ашылды. Оның бірі – Қарасу ықшамауданында болса, екіншісі – Шалғай Қарасу массивінде бой көтерді.  Қарасу ауданындағы кешенде №3 облыстық мамандандырылған балалар мен жас өспірімдер спорт мектебінің тәлімгерлері жаттығатын болады. Ал Шалғай Қарасай массивінде орналасқан спорт кешені «Жекпе-жек» кәсіпқой спорт клубының балансына өткізілді.

Кешендердің ішінде футбол, баскетбол, воллейболға арналған әмбебап зал, күрес пен тренажер залдары орналысқан. Тағы осы секілді кешен Қордай Әлжан ана ауылында да ашылды. Ауданы 1400 шаршы метрден асатын спорт кешенінің құрылысына «Самұрық-Қазына»АҚ – «Менің Елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында Samruk – Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаражат бөлген.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындарды құттықтай отырып:

– Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Облысымызда 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүруде десек, оның төртеуі Қордай ауданының ауылдарында жүзеге асуда. Әлжан ана ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы жергілікті жастардың, жалпы тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ықпал етеді деп сенемін. Енді олар аудан орталығына баруға артық ақша мен уақыт шығындамай-ақ, сүйікті спорт түрімен өз ауылдарында шұғылдана алатын болады, – деп атап өтті.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31