Жамбылда 77 жылыжай бар

Н.ӘБДІҒАЛИ

02.12.2020, 10:35

198

Жамбыл облысындағы аймақпен аттас Жамбыл ауданында құрылыс жұмыстары қыз-қыз қайнап жатыр. Жыл басынан бері жалпы сомасы 8,9 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, өсім 3,5 миллиард теңгені көрсетіп отыр.

      Бізге берген мәлімет бойынша ауданда 937 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу үшін «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша бесқабатты 76 пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде. Осындай тағы төрт тұрғын үй құрылысының құжаттары дайындалып, 2,9 миллион теңгеге бюджетке өтінім беріліп қойыпты.

       Ал кезекте тұрған 10 мыңнан аса тұрғынды жер телімімен қамту мақсатында жеті елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымына құжаттар әзірленіп, 3,8 миллиард теңгеге өтінім жолданыпты. «Егер қолдау тапса, алдағы уақытта 1882 отбасыға үй салуға жер беріледі» дейді жергілікті әкімдік қызметкері.

        Өз кезегінде Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев жол мәселесіне де жіті көңіл бөлініп отырғанын айтты. Биыл Өрнек–Тоғызтарау–Жаңаөткел жолы мен 12 ауылдың 28 ауылішілік жолдары жөндеуден өткенін айтқан ол «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 12 ауылдың 63 ауылішілік көшелері мен бір аудандық мәндегі автомобиль жолы жаңарғанын жеткізді. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде бес ауылдың сегіз ауылішілік көшесіне асфальт төселіпті.

     Жалпы, Жамбыл ауданында 42 елді мекен бар болса, бізге белгілісі –  солардың көбінде орталықтандырылған ауызсу жүйесі жоқ. Аудан әкімі бұл мәселе кезең-кезеңімен шешілетінін алға тартты. «Мәселен, биыл Жамбыл ауылдық округіндегі бес елді мекеннің ауызсу жүйесі аяқталса, Шоқай, Жас өркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Бәйтерек және Қаратау сынды алты ауылға ауызсу құбырын тарту жұмыстары басталып кетті. Аталған нысандағы жұмыстар аяқталғанда халықты ауызсумен қамту деңгейі 69 пайызға жетеді», – дейді С.Арубаев

       Ауданда көгілдір отынмен қамту мәселесі де қарқынды жүріп жатқаны байқалады. Күні бүгінге дейін аудан бойынша 26 елді мекен газ жағып отырған болса, биыл тағы 13 ауылдың тұрғындары көгілдір отынның қызығын көргелі отыр.

      Аймақпен аттас аудандағы тағы бір көз көріп, көңіл тоғайған жайт –жылыжайлардың саны күрт артуда екен. Мәселен, биыл жеті елді мекенде 77 жылыжай жұмыс істеп, 3,3 гектарға қызанақ, 13,1 гектарға қияр және 0,5 гектарға өзге де дақылдар еккен. Нәтижесінде 1-2 айналымда 400 тонна қызанақ, 1487 тонна қияр және 49,6 тонна басқа да дақылдар жиналған.

Құрылысы қыз-қыз қайнап, жылыжайлары жайнап тұрған асалықтардың «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша 17 округінде де 17 қоныстың құрылысы басталып, бүгінде басым көпшілігі «қоянқаштыға» таяп қалыпты. Күні кеше асалықтар асарлатып салған төрт үйдің кілті мұқтаж отбасыларға табыс етілді.

Тегтер: жылыжай бизнес кәсіп нәсіп жоба

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 15.01.2021, 10:02
Бөлекбаев қарағандылықтардың қалтырап отырғаны үшін кешірім сұрады
Миуа БАЙНАЗАРОВА 15.01.2021, 09:54
Жол сапасы неге нашар?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.01.2021, 08:53
Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14.01.2021, 16:52
Шахтадағы апат: кеншілердің бірі қаза болды, қалғандары ауруханада ем алуда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 14.01.2021, 13:07
Ленин шахтасында апатты жағдайдан машинист шыға алмады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 14.01.2021, 12:19
Таразда Қонаевқа ескерткіш қойылады

Аңдатпа


  • Жұрт жадындағы Жолдасбек
    10.01.2021, 00:33
  • «Жас Алашым» – жастық шағым
    15.01.2021, 10:07
  • Қуат Хамитов: Қазағы көп жерге кетіп барамын
    14.01.2021, 13:01
  • «Әр таңымызды үреймен қарсы аламыз» (видео)
    14.01.2021, 11:41
  • "Жас Алаш" жазды, Егіндібұлақ елінің еңсесі көтерілді
    13.01.2021, 07:11