Жан ауыртар жауапсыздық

Сайт әкімшілігі

13.08.2020, 14:40

524

                  

Жамбылда ата-аналардың немкеттігінен балалар өміріне қауіп төнген оқиғалар жиілеп кетті

Әсілінде, балаларды қуантудан, олардың шаттық күлкісінен асқан бақыт болмас, сірә. Ал балалардың барлығы бақытты болу үшін жаралған. Дегенмен соңғы күндері Жамбылда жасөспірім жеткіншектердің өміріне қауіп төндірген оқиғалар жиілеп, көпшіліктің алаңдаушылығын туғызуда.

      Бұл ретте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көпшілікке үндеу жолдауға мәжбүр болды. «Қалалық елді мекендерде тұрғындардың көбі көпқабатты  үйлерде тұрады. Осындай үйлердің екінші және одан жоғары қабаттарындағы пәтерлерде тұратын тұрғындардың балаларының терезелерден құлап кету жағдайлары жиі орын алуда. Тіпті бүлдіршіндердің терезеден құлап, ауруханаға түсу фактілері айына екі-үш мәрте қайталануы жүрегімізді қатты ауыртады. Осының салдарынан ел аман, жұрт тыныш кезеңде қаншама бала опат болып, мүгедек боп қалып жатыр», – деген Бердібек Мәшбекұлы 24 шілдеде Тараз қаласындағы бір отбасының бес баласы ата-анасының үйде жоқ екенін пайдаланып, таңертең үйлерінен шомылуға шығып кеткенін, сөйтіп, жолда адасып, күні бойы полиция қызметін аяғынан тік тұрғызып, кешке қарай әрең дегенде табылғанын, дәл осындай жағдай Т.Рысқұлов ауданында да орын алып, ата-ана бақылауынсыз қалған балалар өз беттерімен алысқа шығып, полиция көмегінің арқасында көрші ауылдан табылғанын мысалға келтірді.

     «Бұл оқиғалар құқық қорғау органдарын әуреге салғаннан бөлек, ел ішінде әртүрлі әңгімелердің өрбуіне сеп болып, көпшіліктің көңіл күйіне кері әсер еткені анық. Мұның бәрі ата-аналардың жауапсыздығынан орын алуда. Әрине, қазір жаз мезгілі, балалардың нағыз қызыққа батып, алаңсыз демалатын кезі. Оның үстіне карантин кезінде үйден ұзап шыға алмаған балалардың да қазіргі күрделі жағдайын жақсы түсінеміз. Бірақ қандай жағдай болса да, балалардың қауіпсіздігін, олардың амандығын, денінің саулығын ата-ана ешқашан ұмытпауы қажет. Яғни бірде-бір бала бақылаусыз қалмауы керек», – деді Б.Сапарбаев.

       Әулиеата әкімі үндеуінде айтқандай, Отанымыз қуатты, отбасымыз шуақты болуы үшін әрбір ата-ана перзент алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі керек. Өйткені барлық бала бақытты болу үшін жаралған. Сонда ғана  ата-ананың ұйқысы тыныш, балаларының күлкісі жарқын болары анық.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 05.06.2023, 08:20
Таиландта комаға түскен қазақстандық көз жұмды
Сайт әкімшілігі 02.06.2023, 20:00
Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді
Б.СӘРСЕНБІ 02.06.2023, 13:24
Идея – жастардан, қолдау – мемлекеттен!
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 02.06.2023, 12:23
Мағынасыз көше атаулары өзгереді
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 02.06.2023, 07:55
БАӘ Қарағандыдан саумал сатып алады
Бифат ЕЛТАЕВА 01.06.2023, 13:08
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы

Аңдатпа


  • Ораловтың барында...
    06.06.2023, 10:17
  • Ұстағанның қолындағы, тістегеннің аузындағы қазақ ураны
    06.06.2023, 09:46
  • Жалған кәсіпкерлер, алаяқ аналар
    06.06.2023, 09:00
  • Өзбекстан қай жолды таңдады?
    02.06.2023, 10:15
  • Жұманғариннің жиналыстары. Бас шұлғитын әкімдер, орындалмайтын тапсырмалар
    01.06.2023, 10:11