Жаңа заң жобасы қабылданды

Сайт әкімшілігі

15.10.2021, 17:20

643

Осыдан бірнеше күн бұрын елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасы әзірленіп, жануарларға қатыгездік танытқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтін құжатқа ілеспе түзетулер мәжілісте қабылданды. Жаңа заң жобасына сәйкес, көше кезіп жүрген ит-мысықты тіркеу туралы ақпарат ашық болуы керек. Сонымен қатар заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында жануарларды ұрып-соққан, қатыгездік танытқан бейнероликтерді таратуға тыйым салады.

Депутат Александр Милютиннің айтуынша, заң жобасы адамдар мен жануарлар арасындағы күнделікті қатынасты реттеу мақсатында әзірленген. «Заң жобасының негізгі міндеттері: жануарлармен қарым-қатынаста жалпы және арнайы талаптарды белгілеу, жануарларды қатыгездіктен, азап көрсетуден, өлімнен қорғау, қоғамның адамгершілік қасиетін нығайту, үйсіз жануарлардың санын реттеу үшін ақпараттың қолжетімді болуы», – дейді депутат. Сондай-ақ заң жобасында БАҚ-тың барлық түріне жануарларға қатыгездік көрсетуді насихаттауға тыйым салынған.

Заң жобасының жеке бабы жануарларды өлтіру және олардың өлекселерімен жұмыс істеу ережелеріне арналған. Атап айтқанда: жануарларды өлтіру мүмкін болған жағдайлар, осы процедураны жүргізу кезінде, оның ішінде ветеринария саласындағы ұлттық заңнама талаптарын сақтай отырып, міндетті талаптар анықталған. Егер жануарлардың иелері қажетті жағдай жасай алмаса, онда олар биостерилизацияны қамтамасыз етуі керек. Үй жануарларын 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ақылы негізде чиптеуі міндеттеледі.

Жаңа заңға сәйкес, жануардың өмірі, денсаулығы және саулығы үшін жануар иесі жеке жауапкершілікке тартылады. Оның ішінде әкімшілік (қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін) және қылмыстық жауаптылық көзделген. Ал жануардың өліміне әкеп соққан құқықбұзушылық үшін жаза қатаңдатылды. Яғни жануар иесі 120-дан 200 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзған кезде – 1 000 АЕК-ке дейін немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы жануарларға қатысты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды дейді сала мамандары. Өйткені заң жобасы азаматтардың адамгершілік тәрбиесінің идеологиясын қалыптастыратынын еске салды. Жануарларды ұстаудың моральдық және адамгершілігінің негізгі принциптеріне, мысалы: жануарларды ауыру мен қиналуға әкеп соқтыратын жаратылыс ретінде қарау; жануардың өмірі, денсаулығы және әл-ауқаты үшін иесінің дербес жауапкершілігі; жануарларды қатыгездіктен қорғау; халықтың жануарларға жанашырлық және адамгершілік қатынасқа тәрбиелеу жатады.

Бұдан басқа, заң жобасында: жануарларды асырауға және тасымалдауға, сондай-ақ өсіруге және ветеринариялық қызметтер көрсетуге қойылатын жалпы талаптар; жануарларға қатыгездікпен қарауды насихаттауға тыйым салу сынды баптарда өзгерістер бар. Сондай-ақ мәжіліс қабылдаған заң жобасында жекелеген санаттағы жануарларды ұстау кезіндегі талаптар айқындалды. Яғни: мәдени ойын-сауық мақсаттарында; эксперименттік (зертханалық) жануарлар; қызметтік жануарлар; үй жануарлары; қараусыз және қаңғыбас жануарлар.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын қабылдау – Қазақстанның прогрессивті, заманауи мемлекет ретіндегі имиджін нығайтып, барлық тіршілік иелеріне адамгершілік пен ізгілік қатынасты тәрбиелеуге, үй жануарларына қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға мүмкіндік бермек.

Тегтер: заң заң жобасы министрлік заңгер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:19
Шиелі ауданында 3297 жаңа жұмыс орны ашылды
Бифат ЕЛТАЕВА 12:21
Ғибраты мол байқау
Сайт әкімшілігі 08:37
Павлодарда лак-бояу өнімдері қоймасында алапат өрт болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 13:30
Қарағандыда тағы бір ферроқорытпа зауыты ашылды
Сайт әкімшілігі 26.11.2021, 12:16
Жезқазған ақыны Қарағандыда өткен республикалық айтыста Бас жүлде иегері атанды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 26.11.2021, 09:15
Қара алтынның үстінде отырған Қарағандыда көмір қымбат

Аңдатпа


  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30