Жаңа жылда басталған смарт-карта дауы

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

06.01.2021, 10:53

1415

        Қарағанды қаласына қандай әкім келсе де, қала ішіндегі жолаушы тасымалын ретке келтіре алмай, әуре-сарсаңға түседі.  Вирустың өршуіне қатысты карантиндік шектеуге  қарамастан, қала ішіндегі  автобустарда жолаушылар толып жүреді. Таңертең және кешкі уақыттарда жұрттың коронавирусты ойлауға шамасы келмейді, автобуста сығылысып, үйіне жетіп алса, бұл да бір бақыт. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек  «жолаушы тасымалындағы көліктің жетіспеушілігі Саран қаласында автобус шығаратын зауыт ашылғаннан кейін шешіледі» деп, жылды қорытындылаған еді. Бұл зауыт та Қарағандыда кезінде «жеңіл ұшақ шығарамыз» деп жалаулатып ашылып,  кейін екі жеңіл  ұшақ шығарып, жабылып қалған «ҚазАвиаСпектр» зауытының күйін кешіп қалмаса, жолаушы тасымалында автобус көбейіп қалар.

       Жолаушысына автобусы жетпей жатқан Қарағандыда жолақы төлеу жүйесіне қатысты тағы дау шықты. Қарағанды билігі екі-үш жыл жырлап, өткен жылы күзде электронды билет беру жүйесін енгізген еді. Аталмыш жүйені жүзеге асыруды «Smart kard» ЖШС қолға алған-ды. Жолаушы тасымалындағы барлық автобустарға  смарт-картаның валидаторлары қойылды. Қарағандылықтардың басым бөлігі смарт-карта сатып алып үлгерген болатын. Атап айтарлығы,  бұл карта Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы электронды билет беру жүйесінің карталарына қарағанда қымбат болып шықты. Компания өкілдері аталмыш картаны жолаушы тасымалымен қоса, сауда-саттықта да қолдануға болады деп мәлімдеген болатын. Алайда осындай «ақылды» картамен жолақыны төлеуде бірқатар қиындық туындаған.

— «Егер карта алмасаң, жолақы 150 теңге болады» деген сөз шыққан соң, смарт-картаны  600 теңгеге сатып алған едім. Бастапқыда жақсы еді, кейінгі кезде түсініксіз болып кетті. Бір жолы салған ақшам көрінбей жоқ болып кетті, келесі күні шықты. Қазір сенімсіз болғандықтан, қайтадан ақша төлеп жүрміз, – дейді Қарағанды тұрғыны Гүлнәр Қайырбек.

      Смарт-картамен валидаторға ақша төлеген соң, бір күннен кейін ғана есепшотқа қаржы  түсетіні нақтыланған. Бұл жолаушыларға қолайсыздық туғызған.  Сол себепті Қарағанды қаласындағы автопарктер «Smart kard» компаниясымен келісімшартты бұзған. Жыл соңында қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев электронды билет беру бойынша басқа компанияның іске кірісетінін мәлімдеген болатын. Дегенмен  бұл жауапты іс қай компанияға сеніп тапсырылғаны туралы нақты айтылған жоқ.

Тегтер: жолаушы қоғамдық көлік көлік тасымалы мәселе түйін

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 19:13
Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер турнирі өтті
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 14:40
Тас жолдарды тоздырған жүк көліктері жүгенсіз кетті
Еркежан АРЫН 11:37
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Расул ЖҰМАЛЫ 21.10.2021, 16:47
Азамат!
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 12:01
Арықта ұйықтап қалған бала отбасына оралды
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 11:58
Алты адам қаза тапқан жол апатының себептері анықталып жатыр

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31