Жапырақтың үстіне жол салғандар тағы таңғалдырды

Сайт әкімшілігі

14.11.2020, 10:13

970

Павлодар қаласындағы көшелер мен аулаларды жөндеуге жауапты мердігер компаниялар «ноу-хау» қолданып, елді елең еткізуден жалығар емес. Осыдан бір ай бұрын үйілген жапырақтарға асфальт төсеген жұмысшылар бұл жолы қардың үстіне жол салды.

Жаз бойы жолды қазып тастап, белгіленген жұмысты уақытылы аяқтамай, жүздеген үйге жылуды кеш берген «Павлодар жылу желілері» ЖШС шұңқырларды тегістеп, жаяу жүргіншілер жолын ретке келтіруі тиіс еді. Жөндеу жұмысын «Жаса групп» деп аталатын серіктестіктің жұмысшыларына жүктепті. Бірақ олар күн борандатып, қар толассыз жауғанына қарамастан жолға асфальт төсеп, оңай құтылмақ болды.

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям іске араласып, жұмысшылар технологияны бұзып отырғанын ескерткен соң ғана тобықтан асатын қардың үстіне жол салу тоқтады. Енді мердігерлерге бұл әрекеті үшін жауап беруге тура келеді.

Кеше дәл осындай әрекеттер қаланың басқа аудандарындағы жол жөндеу учаскелерінде де байқалды. Тұрғындардың айтуынша, жұмысшылардың осындай жауапсыздығы мен атқамінерлердің немқұрайлылығы салдарынан бюджеттік ақша жөнделіп, салынған жолдар көпке бармайды. Жапырақтың, қардың үстіне төселген асфальттардың ұзақ уақыт шыдас бермесі анық. .

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 17:56
Оңалту орталығына жасалған сый
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10:18
Өндірісті өлке өміршеңдігін танытты
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 09:20
Бір Өскеменге екі Пушкин әділет пе?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 22:33
«Бизнеске арналған үкімет»
Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ 25.11.2020, 17:22
Батыс Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 30 мини-маркет ашылады
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.11.2020, 10:14
Байзақтықтар бала таптыру мен жол жөндеуден көш бастап тұр

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42