«Жас Алаш» Сыр елінде

Миуа БАЙНАЗАРОВА

30.03.2021, 08:54

2777

Қазақ  басылымдарының  ішінде  «Жас  Алаштың»  орны  бөлек. Тіпті халықтың сөзін  сөйлеп, ұлттың  мүддесін  қорғап  отырған,  сөз  бостандығын  ту  етіп  отырған  елдегі  жалғаз  басылым   десек те артық  болмас.  Сол «Жас  Алашқа»  биыл  100  жыл  толып  отыр.  Әрине,  айтуға  оңай.  Алайда бір  ғасыр халықпен  бірге  болып,  ұлт жаршысының  қызметін атқару жансебіл  тірлік.  «Жас  Алаштың»  осы  100  жылдық  мерейтойын  жасалаштықтар киелі  Сыр  өңірінен  бастауды  жөн  көріпті.  Оның да өзіндік себебі  бар.  Өйткені   осы  өңірдің  тумасы,  шығыстың  «жарық  жұлдызы»  атанған  Алаштың аяулы  ұлы  Ғани  Мұратбаев  19 жасында  «қазақ  жастарына   бір  үнпарақ  керек»  деп,  осы   басылымды    өзі  бас  болып  шығарды.  Газеттің  атын «Жас  Алаш» деп қойды. Демек,  жасалаштықтардың  басылымның  ғасырлық мерейтойын  осы  Сыр  өңірінен  бастауы  өте  дұрыс.   

     Алдымен  Қазалы  кентіне  тоқтаған  жасалаштықтар  Ғани  Мұратбаевтың  мұражай-үйін аралап,  Ғани  тұтынған  жәдігерлермен  танысып, сол жерде аудан  әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған жергілікті халықпен кездесу өтті. Бұдан кейін бас редактор Қайрат Мәтіреков,  оның  орынбасары  Сейсен  Әмірбекұлы,  жауапты  хатшы Нұрымжан  Мауытов  және  қоғам  қайраткері, саясаткер Дос Көшім бастаған топ Арал,  Қармақшы,  Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарында болды. Барлық жерде  жергілікті халықпен жүздесіп, «Жас Алаш» жөнінде пікір алмасты. Оқырмандардың ұсыныс-ойларын тыңдады.

        Сондай-ақ облыс орталығы Қызылордада «Сыр медиа» ұжымында болып, журналистермен кездесті. Кездесуде облыстық ішкі сая­сат басқармасы басшысының орынбасары Руслан Каюпов алғы сөз айтып, әріптес қонақ­та­ры­мызды жақын таныстырып өтті. Мұнан соң басылымның бас редакторы Қ.Мәтіреков сөз сөй­леп, газет тарихына тоқталды. Сапар барысында ел ішінің «Жас Алашқа» деген ыстық ықыласын, жақсы бағасын сезінгенін, газеттің халық мүддесін айтудан еш танбайтынын, тұлғалар салған сара жолмен жүре беретіндерін жеткізді.

      Ал саясаткер, газеттің тұрақты авторы Дос Көшім басылымның негізгі бағыт-бағдарына шолу жасады. Баспасөз маңыздылығын, оның қоғамдағы рөлін саралады. «Сыр медиа» ЖШС бас директоры, Қазақстан журналистер одағы облыстық бөлімшесінің төрағасы Аманжол Оңғарбаев әріптестерімізді ға­сырлық мерекесімен құттықтап, қонақтарға сәт сапар тіледі. Журналистер әріптестеріне «Га­­зетті алты Алаш дәрежесіне кө­тере алуға бола ма, материалдық мүмкіндіктеріңіз қалай?» деген сияқ­ты сұрақтар қойды. Қазіргі кез­дегі тілдік қалыбымыздың бұ­зы­лып бара жатқанын, осы тұр­ғыда ащы пікірлер мен мақа­лалар жариялауды ұсынды. Газет редакторы бұл сауалдарға тұ­шымды жауап айтты. Ғасыр  жасаған  «Жас  Алаштың»  Сыр  еліне  сапары  осылайша  сәтті  өтті  деуге  болады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерзия ЕРСҰҢҚАР 12:12
Басты мақсат – сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 13:15
Дәрігерлер тұрғындарға үндеу жасады
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 10:48
Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:24
Еліміздің барлық өңірі «қызыл» аймақта тұр
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 30.07.2021, 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58