04.12.2020, 18:19
1613
Осы аптаның басында «Жас Алаш» сайтында «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз" деген тақырыппен сын мақала жарық көріп, онда Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауылындағы көше атауларының қазақша жазылуында өрескел қателіктер кеткені туралы мәселе көтерілген болатын.
Атап айтқанда, ереуіл атқа ер салған Махамбет бабамыздың тегінің «Утемисов», орыс отаршылдарына қарсы Кіші жүз қазақтарын бастаған әрі көсем, әрі шешен Сырым батырдың тегі «Датулы», Қазақстандағы биохимия ғылымының негізін қалаушы Лұқпан Қылышевтің тегі «Клышев» болып «орыс» қарпімен жазылып кетуі жүрегі "ұлтым" деп соққан азаматтардың намысына тигені рас.
Мақаланы көрген бойда аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова «қате тез арада түзетіледі» деп уәде берді.
Міне, арада апта өтпей уәде орындалып, көше атаулары дұрыс қалпында қайта ілініп жатыр.
Осы орайда біз өз тарапымыздан жазылған жайға сергек қарап, нақты шара алған Әлия Биғазықызына алғыс білдіре отырып, «болсайшы әкімдердің бәрі осылай» дегіміз келеді.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР