«Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда

Сайт әкімшілігі

29.11.2021, 10:42

251

Қарағанды облысы баламалы энергия үлесін арттыруда. Бүгінде өңірде бес күн электр станциясы, екі биогаз қондырғысы мен шағын ГЭС жұмыс істейді. «Жасыл» энергетиканың жалпы қуаты 200 мегаваттан асты.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

– Жаңартылатын және баламалы энергетиканың жаңа көздерін белсенді түрде салу жүріп жатыр. 228 МВт-қа 8 жоба іске асырылды. Балқаш маңында 100 МВт күн электр станциясы салынуда. Саран қаласында 100 МВт және одан жоғары жинақтауыштары бар гибридті күн станциясының құрылысы жоспарлануда, – деп хабарлады өңір басшысы.

«Жасыл» энергетика жобалары шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Инвестициялар 100 млрд теңгеден асты.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:23
Түркістандағы қайғылы оқиға бойынша сот үкімі шықты
Арайлым Еркебаева 26.01.2022, 09:25
Зейнеткерлердің зейнетақысы бес жыл бойы ұрланып келген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 20.01.2022, 12:00
Жәйремдіктердің жанайқайы:«Мемлекеттік бағдарламамен берілген үйдің сиқы осы»
Мариям МАҚСАТ 20.01.2022, 08:53
Кім кімді алдады?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 19.01.2022, 17:45
Қарағанды өңіріндегі дүрбелең қалай өрбіді?
Қайрат Балабиев 19.01.2022, 16:57
Атамекенді аялау – азаматтық парызымыз

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48