Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды

Миуа БАЙНАЗАРОВА

06.05.2021, 09:27

1702

Жедел жәрдемнің орны  бөлек.  Ол жөнінде  түсіндіріп  жатудың  өзі  артық.  Біздің  айтқымыз келгені – облыстағы  жедел  жәрдем мекемелерінің  хал-жайы,  атқарып жатқан  жұмысы жөнінде  болмақ.

       Халықаралық стандарттарға сәйкес, дер кезінде  сапалы,  тиімді, шұғыл медициналық көмек көрсету және оны дамыту мақсатында ҚР премьер-министрінің орынбасары Д.Назарбаеваның басқаруымен 2016 жылғы 20 мамырда өткізілген кеңес  хаттамасының шешімін, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  министрінің  2016 жылғы 19 тамыз күнгі  №734  бұйрығын орындау барысында Қызылорда облысында жедел жәрдем көмегін жаңартуға арналған пилоттық жоба оң нәтижемен жүзеге асырылды.

         Шұғыл  медициналық көмек көрсету қызметі  бір жерден басқарылатын бірыңғай жүйеге біріктірілгенге дейін қала мен ауылдың халқына медициналық көмек көрсетуде айырмашылық болды. 2016 жылы облыс әкімінің шешімімен қалалық жедел жәрдем стансасы облыстық деңгейге өтіп, қазіргі таңда  құрамында 13 жедел жәрдем бөлімшелерімен (қалада – 4, аудандарда – 9) және медициналық авиация бөлімі бірігіп, облыс халқына  жедел жәрдем көмегін көрсетуде. Тәулігіне облыс бойынша 50 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда, оның ішінде 18 дәрігерлік, 32 фельдшерлік топ. Барлығы 929 қызметкер жұмыс жасайды, оның 75-і дәрігер, 510-ы орта буынды маман, 344-і басқа қызметкерлер.

       Шұғыл медициналық көмек қызметтік үйлестіруді орталықтандыру арқасында қазіргі таңда келесі нәтижелерге қол жеткізіліп келеді; науқастың тұратын жеріне қарамай, өміріне қауіп төнген кезде жедел жәрдем қызметіне қол жеткізу мүмкін болды;  шұғыл жағдайларда арақашықтыққа қарамастан, шақырыс топтары қауырт  жұмыс істеуде. Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің білімін облыс деңгейінде жетілдіруге мүмкін болды; 2020-21 жылдардың есебі бойынша шақырысқа кешігу уақыты қысқарды ( 2020 ж. – 2,2 пайыз, 2021 ж. – 1,9 пайыз). Қоңыраулар «103» бірыңғай оперативті бөлімге түседі, шақырысты өңдеп, қабылдау уақыты – 5 минут, «ҚР ДСМ-нің  жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» 30.11.2020 ж. №225 бұйрығына сай, барлық аудандық жедел жәрдем бөлімдері қоңырауды қабылдау және өңдеу облыс бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйесіне қосылып, шұғыл әрекет етудің жақсаруына әкелді.  Шақырыс автоматты түрде шақырыс тобының қолындағы смартфонға түседі және тәулік бойы GPS бақылауында болады. Барлық шақырыс топтары шұғыл медициналық көмек көрсетудің бірыңғай стандарт және алгоритмдерімен қамтамасыз етілді. Жаппай жол-көлік оқиғаларында, уланулар мен басқа бақытсыз жағдайларда өзара бірыңғай әрекеттеудің тактикасы жасалды. Бөлімаралық іс-қимыл әрекеттер медициналық мекемелермен ғана емес, жедел әрекет ету қызметтерімен (101, 102, 112) және шекаралас облыстармен (Ақтөбе, Түркістан) жасалған. Облыс халқына телефон арқылы тәулік бойы дәрігер кеңесін алу мүмкіндігі бар.

       Стансаның барлық қызметкерлері стандартты шұғыл көмек көрсетуді, реанимацияның барлық түрлерін (BLS, ASLS, PALS, PHTLS), акушерлік патология, балалардың шұғыл жағдайы бойынша 100 пайыз оқытылды. ОМЖЖС базасында әрбір қызметкерді жеке оқу парағы бойынша оқытатын симуляциялық кабинет ашылды, тоқсан сайын аудан қызметкерлерін жұмыс орнында оқытып, аттестация өткізіледі. Оқытудың арқасында жедел медициналық көмек көрсету сапасы жоғарылады, атап айтқанда нәтижелі реанимация артты (2020 ж. – 40,5 пайыз, 2021 ж. – 56 пайыз), ауруханаға дейінгі фибринолитикалық терапия (2020 ж. – 6, 2021 ж. – 9), жедел жәрдем кезеңіндегі өлім жағдайы азайды (2020 ж. – 100 пайыз, 2021 ж. – 98,3 пайыз).

      Республикалық маңызы бар трассалардағы жол-көлік оқиғасына дер кезінде жетуді қамтамасыз ету мақсатында трасса бойындағы тіректі бекеттермен бірге іс-қимыл әрекет тактикасы жасалды. Қосымша бөлімдер (Сексеуіл, Манап) және дислокациялық пункттер (Манап, Жаңақорған ауданы, Белкөл, Маханбет елді мекендері) ашылды. Облыстық жедел жәрдемге қосылғанға дейін санитарлық автокөліктердің тозу пайызы 73  болған, лизинг арқылы республикалық бюджеттен 40 дана толығымен медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген санитарлық автокөлік алынып, тозу пайызы 55,1-ден 26-ға дейін төмендеді. Санитарлық автопарк 96 пайызға жаңартылды. Барлық аудандық бөлімдер жаңа үлгідегі санитарлық автокөліктермен және медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді (пациент мониторы, дефибриллятор, арақашықтан түсіретін телеметрия функциялы  ЭКГ аппараты, доплер, пульсоксиметр). Санитарлық автокөліктерді орынсыз пайдалану тоқтатылды; ОМЖЖС-ның теңгеріміндегі Шиелі және Қазалы жедел жәрдем ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалған аудандық бөлімшелердің ғимараттары типтік емес және мекеме балансында болмағандықтан, жөндеу жұмыстары ағымды түрде жүргізілуде.

      Жаңадан типті ғимараттардың қажеттілігі анық, осы проблеманы депутаттар тарапынан шешімін табуды сұраймыз. Облыстық медициналық жедел жәрдем автоматтандырылған жүйесінің шұғыл медициналық көмек көрсету ұлттық орталығымен интеграциялануы статистикалық есептердің сапасына, нақтылығына және аналитикалық, ұйымдастыру-методикалық жұмыстарға оң әсерін тигізіп келеді. Медициналық авиация бөлімі аудан тұрғындарына шұғыл жағдайлардағы жүрек-қан тамыр ауруларына, жүктілік патологияларына, жаңа туған сәбилерге және қазіргі таңда жиі орын алып отырған республикалық маңызы бар трассалардағы  жол-көлік апаттарында зардап шегушілерге жедел түрде мамандандырылған көмекті ұйымдастырушы ретінде қызмет атқарып келеді.

       Қысқасы, қазіргі таңда Қызылорда  облысы осы ұйымдастырылып, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде республика деңгейінде белгілеген көрсеткіштер бойынша алғашқы  үштікке  кіреді.

Тегтер: медицина коронавирус ПТР тест анықтама

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 11.06.2021, 11:11
Кім кінәлі?: Жауап берсін!
М.СӘУЛЕБЕК 10.06.2021, 17:45
Мегаполис бюджеті 2,7 есеге көбейген
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 10.06.2021, 14:13
Бір дүкеннің маңынан үш күннің ішінде екі мәйіт табылды
Мариям МАҚСАТ 10.06.2021, 12:04
«1 млрд теңгелік ескерткіштің ар жағынан жемқорлық «қылтиып» тұр»
Сайт әкімшілігі 08.06.2021, 16:45
Елордада 49 мектеп аралас тілде, 34 мектеп қазақ тілінде білім береді
Миуа БАЙНАЗАРОВА 08.06.2021, 14:00
Сыр елінің құт-берекесі неге қашып тұр?!

Аңдатпа


  • Кім кінәлі?: Жауап берсін!
    11.06.2021, 11:11
  • Ресей деградацияға ұшырауда
    10.06.2021, 10:33
  • Түнгі жол (Әңгіме)
    08.06.2021, 12:00
  • Жеңсең, жүз атаң табылар еді...
    08.06.2021, 10:30
  • Қазақ тілінде оқымаған бала ұлттың ұлы бола ала ма?
    03.06.2021, 09:02