Жедел жәрдем мамандары қысым көргендерін айтып шу шығарды

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

15.01.2021, 08:53

1931

      Қаражал орталық ауруханасының бастығына наразы болған бір топ медицина қызметкері жауапты орындар шағымдарына бейжай қарай ма деген ниетпен жанайқайларын  әлеуметтік желіге салып, дүйім жұртты құлағдар еткен.

       Қаражалдағы орталық ауруханаға қарасты жедел жәрдем подстанциясының мамандары аурухана директорының міндетін атқарушы Жановтың өздеріне күн көрсетпейтінін айтып шағымданған. Айтуларынша,  аурухана бастығы дене қызуы  көтеріліп, шақырту жасаған тұрғындардың барлығына көмек көрсетуге жедел жәрдемнің барғанын қаламайды. Басшылық  кейбір шақыртуларға емхана ішінен жасақталған мобильдік топ барады деп нұсқау береді.  Ал  жедел жәрдем мамандарының айтуынша, бұл топта екі адам ғана жұмыс атқарады.  Жедел  жәрдем мамандары шақыртудан келген соң, сол мекенжайға директор шақыртудың нақты болған-болмағанын анықтау үшін  емхана мамандарын жібереді екен. Ақ халатты жандар «директордың бұл қылығы бізді қорлау, жұмысымызға бекерден-бекер күмәнмен қарау» деп есептейді.

     Сонымен қатар жедел жәрдем мамандары аурухана бастығының өздеріне дөрекілік жасайтынын  әрі үнемі дау-дамай шығаратынын айтып қынжылуда. «Қаражал  орталық ауруханасында төртінші санаттағы шақыртуға  бөлімшенің фельдшерлік сертификаты жоқ медбикесі барады. Төртінші  санатқа   баратын  көлік жүргізушісі  мен медбике үйде болады. Шақыртуды қабылдаған соң, көлік жүргізушісі қабылдау бөліміне  келіп,  дәрі-дәрмек салынған қорапты алады, сосын медбикені үйінен алған соң ғана шақыртуға барады. Директор біздің айтқанымызға  құлақ  аспайды, өзін бұл жерде «қожайынмын, өзім білемін, облыс маған нұсқау емес» дегенді үнемі айтып қорқытады», – деп жазады жедел жәрдем мамандары.

       Айта кетер бір жайт, жедел жәрдем мамандары директордың күндіз-түні орталық ауруханада жүретінін, бір жылдан бері сондағы бөлімшеде тұрып келе жатқанын мәлімдейді. «Әділетсіздікке күйіндік»  деген  мамандар облыстық  денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ержан Нұрлыбаевтан көмек сұрап, қызметтік хат жазған.

       Денсаулық сақтау басқармасынан жедел жәрдем мамандарын қынжылтқан мәселенің  анық-қанығын білмек болдық. Басқарманың баспасөз қызметі Қаражалдағы жағдайды қарап, қызметтік тексеру  жүргізу үшін жұмыс тобының құрылғанын мәлімдеді. Жұмыс  тобы  Қаражалға барып тексеру өткізеді. Баспасөз қызметі тексеру нәтижесінің қосымша хабарланатынын мәлімдеді.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49