Жемқорлыққа қатысты сот шешімдері қатаңдады

Еркежан Арын

18.06.2021, 15:14

1717

        Кез келген мемлекет үшін сыбайлас жемқорлықтың үлкен мәселе екені сөзсіз. Әлемдегі елдердің әрқайсысы бұл кесапатпен өзінше күреседі. Кейбір елдерде сыбайлас жемқорлық үшін тіпті өлім жазасы қолданылады. Біздің Қылмыстық кодексте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың 17 құрамы қарастырылған. Олардың ішінде пара алу және беру, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету ғана емес, қызмет бабын асыра пайдалану, жалған құжат жасау және қызметтегі әрекетсіздік те бар.

      Олар үшін заң әртүрлі жазалау дәрежелерін белгілейді. Мысалы, ірі көлемдегі қаржыны жымқырғаны үшін – 2-7 жылға дейін, аса ірі мөлшерде – 7-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Пара үшін жаза қатаңырақ: егер пара ірі көлемде болса – 7-12 жылға дейін, аса ірі мөлшерде – 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Билікті асыра пайдалануға жеңілірек жаза беріледі: егер істі ауырлататын мән-жайлар болмаса екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ауыр салдары болған жағдайда ең жоғарғы жаза – 7 жыл.

        Жоғарғы соттың судьясы Назгүл РАХМЕТУЛЛИНА:

     – Әлеуметтік желілерде жазатын адамдардың айтуынша, кеңес заманында жемқорлар қатаң жазаланған, сондықтан олар аз болған. Бірақ білесіз бе, егер сол кездегі Қылмыстық кодекс пен қазіргі кодексті салыстырсақ, сыбайлас жемқорлыққа қатысты санкциялардың жұмсара қоймағанын байқаймыз. Керісінше, кей жағдайларда тіпті қатал. Мысалы, билікті асыра пайдаланғаны үшін Қазақ КСР Қылмыстық кодексі бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырса, қазір ол мерзім жеті жылға дейін ұлғайған. Кеңес заманында үлкен пара алғаны үшін – 5-тен 15 жылға дейінгі, ал қазір аса ірі мөлшердегі пара алғаны үшін 8-ден 15 жылға дейінгі жаза белгіленген. Қазір бас бостандығынан айырудың төменгі шегі ұлғайтылды, – дейді.

       Айта кетерлігі, сотталушылар саны соншалықты көзге көрінетіндей көбейіп жатқан жоқ, тек ақпарат құралдарында олар туралы жиі жазылады. Мәселен, 2014 жылы 1031 адам сыбайлас жемқорлық үшін сотталса, 2020 жылы олардың саны 1021 адамды құраған.

       Біздің елімізде кез келген құқықтық мемлекеттегі сияқты адам өмірі басты құндылық болып табылады. Сондықтан заң шығарушы санкцияларды мүмкіндігінше қатайтып қана қоймай, сонымен бірге жемқор шенеуніктерді жазадан құтылу мүмкіндігінен айыратын басқа да тыйымдар енгізілді. Мысалы, 2015 жылға дейін сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін шартты жаза күтілуі мүмкін болған-ды. 2014 жылы 1031 адамның 386-сы шартты түрде сотталды, яғни бұл шамамен сотталғандардың 40 пайызын құрайды.

Енді жемқор шенеуніктер шартты жазаға тартылмайды: оларға бұл жазаны қолдануға тыйым салынды.

       Сыбайлас жемқорлық ісі тараптардың татуласуымен де жабыла алмайды. Сонымен қатар ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар шартты түрде жазадан босатыла алмайды – олар өз мерзімдерін толық өтейді. Жеңілдік тек жүкті әйелдерге, зейнет жасындағы адамдарға ғана қолданылады.

        Тағы бір айта кетерлігі, заңға түзетулер енгізілді, онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялары үшін неғұрлым қатаң жаза мен арнайы бөліктер енгізілді. Енді пара алған судьялар, басқа сотталушылар сияқты орташа қауіпсіздіктегі мекемеде (жалпы режимдегі колонияда) нақты бас бостандығынан айыру мерзімін өтейді. 2020 жылдың желтоқсанына дейін олар колония-қоныста болды.

       Әдетте сыбайлас жемқорлыққа айыппұл салынады. Бірақ ол үлкен соманы – ұрланған мүліктің немесе алынған пара мөлшерінің еселенген сомасын құрайды.

       Сотталған адам айыппұл төлегеніне немесе бас бостандығынан айырылғанына қарамастан, өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылады. Әдетте мұндай адамдар арасындағы қылмыстың қайталануы нөлге дейін төмендейді. Олар бірнеше рет қылмыс жасамайды, айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді – демек, атқарылған шаралар өз нәтижесін береді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15