Жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер көп

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ

03.02.2023, 07:32

3491

Бір-ақ аптаның ішінде сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабуға болар еді. Осы күндері ойлап отырсам, кешегі Кеңес өкіметі кезінде Көпен көкем мен оның әріптестерінің фельетондарына кейіпкер болып, күл-талқандары шыға масқара болған «коррупционерлердің» ішіп жегендері  – бүгінгі күнгі жебір жемқорлардың жұмырына жұғын да болмайтын, қазіргі шақтағы өлшеммен безбендегенде күлкі шақырар түкке тұрғысыз болмашы ғана дүниелер екен!

Осылай бола тұра әлгі «байғұстардың» мойынына бес – он жыл ілініп те жатушы еді. Өткен кезеңнің ақиқаты осындай болса, бүгінгі күннің шындығы бұған мүлдем кереғар. Әрбір министр мен олардың орынбасарларының және әкімдердің жеке автогараждары, бірнеше үй-жайлары, шетел банкілерінде қыруар қаржылары, тағы басқа да қарапайым жұрттың түсіне кіре бермейтін мүлік-мүкімалдары да бар екендігі ешбірімізге құпия емес. Сыбайлас жемқорлықтың «сорпасын» қайнатып жүргендер де осылар екендігі айдан анық жайт.

Алайда, «Мұрның барда бір сіңбір», «Түстік өмірің болса, кештік мал жина» деген тұжырымдарды тұғыр еткен бұларға «әй, дейтін әже, қой, дейтін қожа» да табылар емес. Сонда бұлар осылай бетімен кете бермек пе? «Мың асқанға бір тосқын» деген бар емес пе? Осы орайда, «Аюға намаз үйреткен таяқ» деген тағылымды тәмсілді алға тарта отырып, мынандай ұсыныс айтқым келеді: сыбайлас жемқорлыққа жол бергендер ату жазасына кесіліп, бұл үкім теледидар арқылы қалың бұқара қауымға көрсетілгені жөн деп білемін. Бұл азғындардың жаны кешегі Қаңтарда қайтыс болған қандастарымыздың жанынан артық емес. Осындай шара қолданғанда ғана тәртіп орнайды. Мұндай қадамнан бас тартсақ, онда өскелең ұрпағымызға обал жасағанымыз болмақ. Бізге басқа жол жоқ. Менің бұл ұсынысым қолдау табар болса, бір апта ішінде ақ оң нәтижесін берген болар еді. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 10:44
Абай облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ тәркіленді
Сайт әкімшілігі 27.03.2023, 09:41
4 облыс тұрғындарына ауа-райына байланысты ескерту жасалды
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 27.03.2023, 05:53
Білім саласы сыбайластықтан көз ашпай тұр
Еркежан АРЫН 26.03.2023, 18:47
Шығысқазақстандық ғалымдардың өнертабыстары медицинаға көмектеседі
Еркежан АРЫН 25.03.2023, 14:22
Қостанай облысының өрт сөндірушілеріне жаңа форма мен техника сатып алынады
Еркежан АРЫН 25.03.2023, 11:00
Синоптиктер Қазақстанның 11 қаласында қолайсыз ауа райы жағдайын болжап отыр

Аңдатпа


  • Үкімет кетті, «Халық әртісі» мен Қошанов қайта оралды
    05:37
  • Айтыскер, блогер һәм тренер
    05:34
  • Кәсіптік білім. Диплом тарату – маман дайындау емес
    05:32
  • Жетісайдың «күрескер» әкімі Жыңғылмен күресіп жүр
    29.03.2023, 05:46
  • Нұртай Базарұлы, зейнеткер: Қарағұсованың заңына қарсылық білдіремін
    29.03.2023, 05:44