Жоғарғы сот шетелдік компания өкілдеріне әкімшілік сот принциптерін түсіндірді

Еркежан АРЫН

02.09.2021, 08:47

539

       Өткен аптада Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі алқасының төрағасы Қанат Мусин «Әкімшілік сот төрелігі: шетелдік инвесторлар үшін жол картасы» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш іс-шараға корпоративтік сектордағы шетелдік компаниялардың 120-ға жуық өкілі қатысты. Олардың ішінде Қазақстандағы Дүниежүзілік банк, Қытайдың сауда-өнеркәсіп палатасы, мұнай, тау-кен, халықаралық заң фирмалары бар.

       Кездесуде судьялар Аслан Тукиев пен Дана Тоқмурзина бизнеске арналған жол картасының аспектілеріне тоқталып өтті: жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан ары – ӘРПК) ережелеріне сәйкес, принциптер, ведомстволық бағыныштылық, соттылық, апелляциялық шағымдар, инвестициялық даулар мен сот шығындары туралы айтылды.

 А.Тукиев кемінде жеті аспектіні қамтитын соттың белсенді рөлі принципін «кодекстің берік нүктесі» деп атады.

       Бұған сотқа қатысушылардың дәлелдерімен шектелместен, шешім қабылдау үшін істің маңызды мән-жайларын өз бетінше зерделеу құқығы, оларды түсіндіру үшін қолындағы барлық мүмкіндіктерді пайдалану құқығы кіреді. Егер ұсынылған дәлелдер жеткіліксіз болса, сот оны өз бастамасы бойынша жинайды.

       Әкімшілік кодекс әкімшілік органға әкімшілік істерді жүргізуді міндеттейді. Іс жүзінде жауапкер сотқа өз шешімдерінің заңдылығын дәлелдеуі тиіс. Бұл принципті сақтамау актінің күші жойылатынын білдіреді.

ӘРПК тараптарға істің мән-жайын анықтауда әділеттілікті қамтамасыз етуді міндеттеді. Сот бұл құжаттарды белгілі бір күнге дейін талап ете алады.

Бұл кодекс позициясы революциялық деп танылып, оған сәйкес, әкімшілік орган актіде көрсетілген негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады, ал талапкер өз мүмкіндіктеріне сәйкес, дәлелдемелерді жинауға қатысады.

Сондай-ақ сол істе басқа айыпталушыларға жаңа талаптар қоймай, дауды тиімді және тез шешуге мүмкіндік беретін механизм де қарастырылған екен.

А.Тукиевтің айтуынша, соттың белсенді рөлі принципі сот ісін жүргізудің жаңа түрі талапкердің жеке құқықтық қорғалуына және «тексерілген» орган мен оның әрекеттері заңдылығын объективті бақылауға бағытталғанын көрсетеді.

       Судьяның алдын ала заңдық пікір білдіруі оның құқығы, ол қаралып жатқан істің нақты, заңды аспектілерімен байланысты. Бұл тараптарға жақсы дайындалуға, қосымша ақпарат беруге мүмкіндік береді, сот талқылауы мен іс бойынша соңғы шешімнің сапасын жақсартады. «Басқаша айтқанда, сот адал және ашық құқықтық әңгіме жүргізуі керек. Соттың сенімділігі судьяның, әсіресе, талапкерге істің аспектілерін түсінікті тілде қалай түсіндіре алатынына байланысты болады. Өйткені олар түсініп, қабылдаса ғана сенеді», – деді сөзін қорытындылаған А.Тукиев.

        Д.Тоқмурзинаның айтуынша, ӘРПК мемлекеттік органдардың тексерулерін жүргізуге, лицензиялау рәсімдеріне айтарлықтай әсер етеді – бұл лицензия алу, жер учаскелеріне құқықтар, мемлекеттік сатып алуға қатысу және т.б. Бұл құқықтарға әсер етеді, соның ішінде жергілікті және шетелдік инвесторлар инвестициялық климатқа оң әсер етеді.

      Қорытындылай келе, Қ.Мусин былай деп баса айтты: «Біз осындай үлкен өзгерістердің алдында тұрғанымызды ескере отырып, инвесторлар үшін орыс, ағылшын және қытай тілдерінде жеке дөңгелек үстел өткізу жөнінде  шешім қабылдадық». Бұл ретте Жоғарғы Кеңес алқасының төрағасы әкімшіліктің міндеттерін – бизнестің құқықтары мен бостандықтарын әкімшіліктің заңсыз әрекеттері мен шешімдерінен қорғау үшін ашық үкіметті қамтамасыз ету қажеттігін еске салды.

        Бұған дейін әкімшілік органдарға қатысты даулардың тек 15 пайызы халық пен бизнестің пайдасына шешілген. Демек, әкімшілік органдарға қатысты дауларда талапкердің позициясын нығайту және сот бақылауы арқылы мемлекеттік органдар шешімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету міндеті тұр.

        Қойылған міндеттерге жету үшін тәсілдер түбегейлі өзгерді. Сотқа дейінгі шағым сот төрелігін жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, мемлекеттік қызмет көрсету мен мемлекеттік бақылау тұрғысынан мемлекеттік аппараттың тәсілін түбегейлі өзгерту міндеті тұр. Сот алдында тұрған міндет – әкімшілік органдарды қажетіне қарай жұмыс жасату.

«Неліктен біз мүмкіндігінше, көп жағдайларда сотқа дейінгі апелляция болғанын қалаймыз? Өйткені біз белгілі бір жағдайларды шешіп қана қоймай, сонымен қатар мәселелерді жүйелі түрде түзетуге шенеуніктерді тартатын боламыз. Сотқа дейінгі қарауға шағымдарды қайтару сөзбұйдалыққа салыну ретінде қарастырылмауы тиіс. Бұл жүйелі көзқарасты дамытуға арналған шара және әкімшілік органға әрекет немесе әрекет жасамас бұрын ойлануға мәжбүр етуі керек», – деді спикер.

        Қ.Мусин даулардың түрлері туралы айтты, соның ішінде инвестициялар, олардың құзыреттілігі, осы бөлімдегі бірнеше жағдайды, мемлекеттік баждың мөлшерін және талап қою мен атқарушылық іс жүргізудің мерзімін қарастырды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:05
Діннен тірек таба алмай адасқандарға ақпараттық түсіндіру тобы көмекке келуде
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 10:21
Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан үш адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 08:51
ШҚО-да қарттар үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 млн теңге жымқырған
Бифат ЕЛТАЕВА 11.08.2022, 16:56
Жас таланттарды анықтайтын жоба
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 15:06
Қостанайда балабақша тәрбиешісі үш жасар бүлдіршіннің сүйегін сындырған – министрлік
Сайт әкімшілігі 11.08.2022, 10:22
Қазақстанның бірқатар өңірінде бейсенбі күні бұршақ аралас жаңбыр күтіледі

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49