Жұмыртқаның бағасы 50 теңгеге көтерілді

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

05.10.2020, 03:02

163

Қарағандыдағы  кейбір азық-түлік дүкендерінде  таңдаулы жұмыртқаның бағасы бұрыңғы құннан  40-50 теңгеге  күрт көтерілді. Сатушылар бағаның шарықтауын құс тұмауының салдары деген сылтаумен байланыстырады. Бағаны тұрақтандыруға  қауқарсыздық танытып отырған  билікке тұтынушылардың  өкпесі қара қазандай.  Дүкенге келушілерді сұқбат беруге шақырғанымызбен, қолдарын сермеп,  қабақтарын  шытып,  зеки  жөнелді.  Ел осы күні  еттің орынына белоктың көзі ретінде осы өнімді тұтынып отыр. Оның үстіне, сақтықтың қамын ойлаған  халық  осы күні «қара қытай» індеті қарсаңында,  қалтадағы қаржысын  үнемдеуге көшкен.  Бүгін күтпеген жерден  дүкендегі  жұмыртқаның қымбаттауы,  онсыз да жүйкесі жұқарып жүрген халықтың қытығына қатты тисе керек.

Күнделікті тұтынатын тағам бағасының өсуіне  қатысты облыстық  ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Серікжан Апақашевтан түсінік алдық.

-Бағаның құбылуы нарықтағы сұранысқа  тікелей байланысты  екені белгілі. Қазір Қарағандыдағы құс фабрикасының өнімдеріне еліміздің   Солтүстік өңірінен  сұраныс  артып отыр. Бұған аталған аймақта құс тұмауы індетінің  таралуы себеп.  Біздің   өндірістерден шығарылатын жұмыртқалар бүгінде  Қостанай облысына жөнелтілуде.  Негізі баға  аса қымбаттады деуге негіз жоқ. Олай деуіме, «құс өнімдерін өзіндік құнмен босату жөніндегі жергілікті  құс фабрикалар мен ауыл шаруашылығы басқармасы арасындағы» екіжақты меморандумға сәйкес,  Қарағандыдағы ірі сауда нүктелерінде жұмыртқа бағасы 20 теңгеге ғана өсті.  Ол азық-түлік дүкендеріне алыпсатарлық жолмен барғанда, 50 теңгеге бір-ақ аспандайтыны белгілі.

Осыдан кейін, біздің өңірдегі жұмыртқа құнының  күрт секіруіне сонау Солтүстіктегі құс тұмауының салдары неге сылтау болу керек  деген заңды сауал туындайды.  Әлде, қанаттылар өсірілетін фабрикада жасырын тұмау дерегі тіркелді ме?  Көңіліміз орнықсын деген ниетпен « ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің»  Қарағанды облысы бойынша  аумақтық инспекциясы  басшысының орынбасары  Данияр  Мерғазинге телефон шалдық.  Ведмоствоның жауапты қызметкері  біздің  күдігімізді  сейілтті. Соған қарағанда,  біздегі баға саясатын  ырықтандыруға ешкімнің батылы барып, қауқары жетпейтін секілді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 09:34
Бюджет жобасын халық жасайды
М.СӘУЛЕБЕК 09:31
Агроиндустриалды аймақ құрылады
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 09:25
Күнгейдің көлеңкелі тұстары
Сайт әкімшілігі 28.10.2020, 14:08
Алматы облысының полициясы қауіпті қылмыскерді іздестіруде
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 27.10.2020, 11:30
«Біз оны жұмысқа алған жоқпыз...»
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 27.10.2020, 10:39
Трактор табанына тапталған балалар алаңы

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04