Жұмыс орындарының көбісі құрылыс саласында ашылған

Сайт әкімшілігі

13.02.2021, 10:22

509

Биыл Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр желілері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық азамат жұмыспен қамтылады. Олардың зейнет жарнасын төлеу мердігер мекемелерге міндеттеліп, әкімдік бақылауында болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауданда былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ге жуық азамат жұмысқа орналасты. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Жұмысқа орналасқан азаматтар көбіне құрылыс саласында еңбек етеді.  Әлеуметтік-мәдени нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-көлік инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарына, ауылдардағы абаттандыруда атсалысады.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда кемінде 90% отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып есептеледі. Жұмысшылардың жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілген.

Бағдарлама шеңберінде Келес ауданында өткен жылы  3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. 75 азамат жұмыспен қамтылды. Біртілек ауылдық округіндегі орта мектеп, Ақтөбе ауылдық округінің орталық ауруханасы және Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы реконструкциялаудан өтіп, жаңарды. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті ауыл тұрғындары тартылып, жұмыспен қамтылды.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 08.05.2021, 09:23
Жолдың сапасы жақсарады
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 07.05.2021, 09:09
Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 12:06
«Серпін» жобасы бойынша гранттардың 52% сұраныссыз қалды – Мәди Ахметов
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 06.05.2021, 11:56
Киік жайылымды құртып, шабындықты шаң қылды
Миуа БАЙНАЗАРОВА 06.05.2021, 09:27
Жедел жәрдем халыққа жәрдемін аямайды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.05.2021, 11:37
Момышұлының соқпағымен

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56