Жұмыспен қамту 79 пайызға орындалды

Сайт әкімшілігі

25.08.2020, 11:10

216

Шымкентте «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биыл Шымкент қаласында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 24 367 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Осы уақытқа дейін 19 344 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,4 пайызға орындалған. Бұл жөнінде Премьер-министр Асқар Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында баяндады.

– Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша — инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Олар үшін 1 қыркүйектен бастап оқу басталады,- дейді қала әкімі.

Екінші бағыт бойынша — кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатында 3 396 тұрғынды қамтамасыз ету жоспарланған болса, қазіргі таңда 4 017 адам қамтылған. Яғни, жоспар артығымен орындалып отыр. Оның ішінде 2 710 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерге оқуға жолдама алған. Ал 40 адамға шағын несие берілген. 1 267 азамат мемлекеттік грант иегері атанған.

Үшінші бағытта — жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша 17 775 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 13 327 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде 6 768 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан. 284 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 925 адам жастар практикасына, 4 351 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ 17:53
Ішкі туризмнің халі қалай?
Сайт әкімшілігі 17:51
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі: мемлекетке сену құқығы
Сайт әкімшілігі 17:49
Жаңа кодекс қазақстандықтарды қалай қорғайды?
Нұр САЙЛАУОВА 17:42
Қазақстанның жаһандық бастамаларына оң баға берілуде
Б.СӘРСЕНБИ 17:38
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15:21
«Жусан» операциясы: тағдыр тәлкегінен құтқарғандар

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15