Жыр болған жылу...

Гүлжан СЕРІК

10.11.2021, 17:38

590

Жылдың басында, яғни қыстың қырауында Кентау қаласындағы жылу электр орталығында (ЖЭО) құбырлар жарылып, апатты жағдай орын алды. Соның салдарынан қала тұрғындары 6 күн жылусыз қалған еді. Содан бері көктем мен жаз өтті. ЖЭО басшысының орынбасары Әшірхан Төлеу қыркүйектің 27 күні «Хабар 24» арнасына Кентау қаласында жылу электр орталығының жабдықтары жаңартылды, енді ЖЭО келесі жылу кезеңіне дайын деп сұхбат берген еді.

Өз сұхбатында ол: «Бұл – ресейлік технология. Жаңа жабдықты басқару үшін бір адам ғана қажет. Бұрын мұнда бірнеше қызметкер болған. Кейбіреулері сенсорларды бақылап отырса, басқалары журналға көрсеткіштерді жазып, диаграммалар жасады. Жұмыс қолмен орындалғандықтан, қателіктер жіберу мүмкіндігі де жоққа шығарылмады. Бірақ қазір бәрі автоматты түрде жұмыс істейді. Яғни процесте сәтсіздіктер болмайды», – деп айтқан. Алайда кезекті жылу кезеңіндегі жылымыш жылу берілмей жатып, 4 қараша күні-ақ өшіп қалды. Мұның себебі – ЖЭО-да орын алған апатты жағдай. Әшірхан Төлеу мырзаның кезекті жылыту маусымына дайынбыз деген сөзі осылай бір-ақ күнде өз құнын жоғалтып отыр.

         Ескі сенсорлар мен құрылғылардың орнына сенсорлық экрандар орнатылған. Яғни жөндеу жұмыстары шынымен жүргізілген. Бірақ жылу маусымы басталмай жатып құбырлардың жарылғандығына қарасақ, қалай жүргізілгені айтпаса да белгілі.

Мемлекеттік сатып алу порталына көз жүгіртсек, отын-жағармай, көмірге қыруар қаражат бөлінген. Бірақ тұрғындар жылудың өте баяу күйде беріліп жатқандығын айтады. Сонда жылуға деп мемлекеттен бөлінген қыруар қаражатты жылудың жөнді берілуіне жұмсамаса, ЖЭО қайда жұмсап жатыр деген сауал туындайды. Қар түспей ақаулар шығып, апатты жағдайлар орын алуда. Бұл күздің аяғы ғана. Сонда қыс басталғанда не болмақ?

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 27.05.2023, 19:33
Алматыда ішімдікке тәуелділердің саны 7,5%-ға азайған
Сайт әкімшілігі 27.05.2023, 10:45
Алматыда "Халық заңгері" кең ауқымды акциясы өтті
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 17:00
Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр
Сайт әкімшілігі 26.05.2023, 16:00
Оралдағы тергеу изоляторы құрылысын аяқтауға тағы 6 миллиард теңге қажет
Б.СӘРСЕНБІ 25.05.2023, 16:30
Шіркеймен күрес тамызға дейін жалғасады
Еркежан АРЫН 25.05.2023, 09:00
Алматы жастары арасында суицидтің алдын алу жұмыстарының маңызы

Аңдатпа


  • Келген қазақ құжатсыз, туған бала тұрақсыз
    26.05.2023, 10:25
  • Қазақтың жерін саудалап жүрген кім?
    26.05.2023, 09:51
  • Құқығың бұзылса, депутатқа айтасың, депутат бұзылса, кімге айтасың?
    26.05.2023, 09:13
  • Ғинияттың 207 мың кемшілігі
    25.05.2023, 10:00
  • Орталық Азияның «отағасы» кім?
    25.05.2023, 09:31