Тікелей эфирде балағат сөз айтқан TikTok стримері 10 тәулікке қамалды
Әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген қазақстандық TikTok стримері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Полицияның мәліметінше, 26 жастағы Азиза Коканова Түркістан облысының тумасы, соңғы уақытта Семей қаласында тұрған. Құқық қорғау органдары оның TikTok-тағы тікелей эфиріне мониторинг жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтаған.
Ведомствоның мәліметінше, эфир кезінде қыз балағат сөздер айтып, өзін әдепсіз ұстаған. Сонымен қатар ол есірткі қолданғанын мәлімдеген.
Жүргізілген медициналық сараптама оның эфир кезінде алкогольдік масаң күйде болғанын көрсеткен.
Аталған дерек бойынша оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке қамалды.