Қоғам

Алматыға жұмысқа кетті: Қостанай облысында 21 жастағы жігіт жоғалып кеткен

Қостанай облысы аумағында 26 сәуірден бері хабарсыз кеткен 21 жастағы азамат іздестірілуде. Бұл туралы «Дос» іздестіру-құтқару жасағының еріктілері мәлім етті.

Фото: из открытых источников

Еріктілердің дерегіне сәйкес, Роман Юрцевич Қостанай қаласынан Алматы қаласына жұмыс істеу мақсатында жолға шыққан. Алайда сол уақыттан бері ол жақындарымен байланысқа шықпаған. Із-түзсіз кеткен азаматтың жанында Пума есімді иті болған. Иттің мойнында алтын түстес қарғыбауы бар екені хабарланды.

Жоғалып кеткен жігіттің сыртқы белгілері: бойы шамамен 180 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі көк. Ерекше белгісі – оң аяғында бас сүйек бейнесін орап тұрған жылан түріндегі татуировка бар.

Қазіргі уақытта оның нақты қайда екені белгісіз. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Еріктілер қандай да бір мәліметке ие болған азаматтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.

Сайт Әкімшілігі