Қазақстан Иран еліне 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстан Иран Ислам Республикасына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген 30 теміржол вагонынан тұратын гуманитарлық көмек жөнелтті.
Бұл туралы KazAID агенттігі хабарлады.
Мәліметке сәйкес, гуманитарлық жүк Қазақстан үкіметінің қаулысы негізінде ұйымдастырылған. Көмекті жөнелту жұмыстарына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қатысқан.
Жөнелтілген гуманитарлық жүк Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамына табысталмақ.
KazAID мәлімдеуінше, Қазақстан халқының Иран халқына көрсеткен бұл көмегі екі ел арасындағы тату көршілік пен өзара қолдаудың белгісі болып саналады.