Иманғали Тасмағамбетовпен бірге жұмыс істеген экс-шенеунікке іздеу жарияланды
Алматы әкімдігі аппаратының бұрынғы басшысы халықаралық іздеуге жарияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, 70 жастағы Амантай Дандығұлов алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, тергеуден бой тасалап жүрген көрінеді.
«2026 жылғы 7 шілдеде аталған қылмысқа күдікті іздеуге жарияланды. Тергеу мен жедел-іздестіру шараларының мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаменті.
Амантай Дандығұлов бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласының әкімі болған кезеңде қала әкімдігі аппаратының басшысы қызметін атқарған. Кейін «Новая газета - Қазақстан» басылымының бас редакторы болып жұмыс істеген.