Елімізде алғаш рет «Құрметті донор» марапаты тағайындалды
Үкімет қаулысымен елімізде қан донорларына арналған «Құрметті донор» марапаты тағайындалды.
Алғашқы марапат талаптарға толық сәйкес келетін 481 тұрақты донорға табысталады.
«Төсбелгі ҚР азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донорлық жасағаны үшін беріледі. Атап айтқанда, қан және тромбоцит донорлығы – кемінде 40 рет, қан плазмасының донорлығы – кемінде 70 рет болуы тиіс», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам адам донор болады.