Қоғам

Астанада шетелдік блогермен видеоға түскен екі полицей жұмыстан шығарылды

Астанада туристік полицияның екі қызметкері әлеуметтік желіде тараған резонанс тудырған видеодан кейін жұмыстан шығарылды.

Фото: полиция

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік тексеру барысында полицейлердің қызметтік әдеп нормалары мен қызметкерлердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды бұзғаны анықталған.

Видеода шетелдік блогердің полиция қызметкерлерін көтеріп алып, айналдырғаны көрінеді. Полиция департаменті мұндай әрекетке қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде және нысанды киіммен жүруге болмайтынын атап өтті.

«Қызметтік міндеттерді орындау кезінде және нысанды киімде мұндай әрекетке жол берілмейді», – делінген ведомство хабарламасында.

Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша екі қызметкер де ішкі істер органдарынан шығарылды.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: полиция