Саясат

“Неге орысша жазылмаған?”: Лавров тағы да дау тудырды

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Самарқан қаласындағы «Қайғы жамылған ана» мемориалына бару барысында ондағы мәтіннің тек өзбек және ағылшын тілдерінде жазылғанына назар аударды.

Фото: ашық дереккөз

Сергей Лавров бұл жайтты Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовқа ескертті.

«Қарасам, ағылшынша жазу бар. Ал орысша аудармасы жоқ. Ана – ең қасиетті ұғым», – деді Лавров ТАСС агенттігіне берген сөзінде.

Мемориалда жазылған сөз: «You are always in our heart, my dear» – «Сен әрдайым жүрегіміздесің, қымбаттым» деген мағына береді.

Айта кетейік, Сергей Лавров Өзбекстанға екі күндік ресми сапармен барған. Бұған дейін оның өзін-өзі анықтау құқығына қатысты айтқан мәлімдемесі қоғамдық пікірталас туғызып, кей сарапшылар бұл сөзді Солтүстік Қазақстанға жасалған ишара ретінде бағалаған еді.

Сайт Әкімшілігі
Тегтер: Лавров