Қоғам

Түркияның оңтүстігінде магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Түркияның Адана провинциясында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері көршілес төрт провинцияда да сезілген.

Фото: из открытых источников

Төтенше жағдайлар және табиғи апаттар басқармасының (AFAD) мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 04:02-де Саимбейлі ауданында болған.

Жерасты дүмпулері Кахраманмараш, Османие, Кайсери және Газиантеп провинцияларында сезілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінен қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттардың қирағаны туралы да ақпарат түспеген.

Адана провинциясының әкімшілігіне жер сілкінісінен кейін ғимараттардың зақымдануына қатысты төтенше қызметтерге ешқандай хабарлама келіп түспегенін мәлімдеді.

Қазір мамандар аумақта тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сайт Әкімшілігі