Қоғам

Қайсар Қамзадан кейін: Pin Up ісі бойынша тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Pin Up онлайн-казиносына қатысты қылмыстық іс бойынша 26 жастағы блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланған.

Фото: ашық дереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, оған іздеу үш айдан астам уақыт бұрын салынған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Хикматов Қазақстанда тыйым салынған онлайн-казиноға ойыншылар тартуға қатысы бар деген күдікке ілінген. Сондай-ақ тергеу барысында онлайн-казиноның қызметі танымал тұлғалардың қатысуымен әлеуметтік желілерде жарнамаланғаны айтылған.

Хикматов блогерлермен байланыс орнатуға көмектескен болуы мүмкін деген ақпарат бар. Алайда бұл мәлімет әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, блогер Қазақстаннан тыс жерде жүр. Махмуд Хикматов поп-ММА жекпе-жектеріне де қатысқан.

Ашық деректерде оның өткізген үш жекпе-жегінің үшеуінде де жеңілгені көрсетіледі.

Еске салайық, осы іс бойынша блогер Қайсар Қамза жақында Вьетнамнан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол Астанаға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалды.

Сайт Әкімшілігі