Әлеумет

ТЖМ қызметкерлері Есіл өзенінен ер адамды құтқарды

Астана қаласы Сарайшық ауданында «Арыс» көпірінің астында ер адам Есіл өзенін жүзіп өтпек болған, алайда өздігінен жағаға жете алмаған.

Фото: ТЖМ

Осы аумақта кезекшілікте болған ТЖМ құтқарушылары оқиғаға жедел әрекет етті.

Құтқарушылар құтқару шеңберінің көмегімен ер адамды судан алып шықты.

Құтқарылған 1985 жылы туған ер адам медициналық тексеруден өту үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Сайт Әкімшілігі