Мамырда жемқорлар мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірген
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, мамыр айында Қазақстанда 83 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген.
Олардың басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және бюджет қаржысын жымқыру фактілеріне қатысты болған. Қылмыстық істер бойынша 45 адам күдікті ретінде танылған.
Есепті кезеңде 88 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 66-сы сотқа жолданды. Аяқталған сот процестерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 1,5 миллиард теңгені құрады. Оның 835,3 миллион теңгесі бюджетке қайтарылды.
Сондай-ақ тергеу барысында құны 11,2 миллион теңге болатын мүлікке тыйым салынған.